Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Нұр-Сұлтанда өтет...
Елордада «Дүние-ғапыл» атты метафизикалық драманың премьерасы өтеді
2021 жылдың 12, 13, 14 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Н.Мошинаның «Дүние-Ғапыл» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді.
«Дүние-Ғапыл» қойылымы орыс драматургы Наталья Мошинаның «Свет» атты шығармасының желісінен алынған. Ал театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров аталмыш туындыны қазақ тіліне аударып, қазақ театрының сахнасында көрсетпек. Музыкамен көркемдеген және режиссердің ассистенті–Мекан Джумабаев. Бас хормейстер–Әлихан Ыдырысов.
«Дүние-Ғапыл» қойылымы – барша адамзатқа ортақ тақырыпты сөз ететін, адам өмірінің қаншалықты маңыздылығын алға тартатын туынды. Өмірдің түрлі-түсті, қызылды-жасылды қызығы да, әбігерге түсіп сенделіп, сандалып өткен күйбең тіршілік те бұл тақырыптың қасында түк емес.
Қойылымның жанры –метафизикалық драма. Метафизика –барлық нәрсенің арғы жағында көрінетін және көрінбейтін шындық.«Метафизика» терминін ежелгі грек философы Аристотель алғаш қолданған. Сөзбе-сөз алғанда ол «физикадан кейін келетін» деген мағынаныбілдіреді. Аристотельдің пайымдауынша,ол– барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана жеткізуге болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді.
«Дүние-Ғапыл» метафизикалық драмасының көрерменге айтары көп, берері мол екені сөзсіз. Себебі, уақыттың қадірі, адамдық пен адалдықтың жолы, әр әрекеттің жауабы, әр амалдың сауабы сынды адамның ішкі дүниесіндегі маңызды мәдени, рухани құндылықтарға ден қоюға, оларды жүгендеп, игеруге итермелейді.
Спектакльде Ғайыптың рөлін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреатыАян Өтепберген, Абзал Арапов, Асқар Жұмабеков сомдайды. Маздақтың рөлін Оразалы Игілік, Ерназар Жаңатілек сахналайды. Римманың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Еслямова мен Ләйлә Темірхан сомдайды. Жасынның рөлін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асылхан Төлепов пен ДінисламНұрмағанбетов ойнайды. Ал Сүйрік атты кейіпкердің рөлін Диана Асқар, Жансая Өмірбекова, Нұрай Рысбекова сахналайды.
Басталуы: 12, 13, 14 наурыз, 19:00
Ұзақтығы: 1 сағат, 10 минут,
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Музыкалық жас көрермен театрының ғимараты, Ж. Омаров көшесі, 47Б.