«Құстар қайтып барады» әні қалай шыққан?

ӘДЕБИЕТ
6384

Бүгін танымал ақын Тұманбай Молдағалиевтің туған күні. Ақын 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" аулында дүниеге келген. Ақынның туған күніне орай "Мәдениет порталы" халық арасында кең таралған әндердің бірі һәм бірегейі  - "Құстар қайтып барады" әнінің шығу тарихына үңіліп көрген еді. Мархаббат!

Тұманбай Молдағалиев, ақын

1965 жылы сол кезде Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері деген атағы бар ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиев Қазақфильм киностудиясында музыкалық бағдарламалардың бас редакторы қызметін атқарған екен. Бірде жұмыстан шығып, көңілсіз күйде үйіне қарай бара жатқан. Бәлкім, жұмыста бір дүниеге көңілі толмаса керек. Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшы саябағына келіп, орындыққа отырып, айналасына қарай бастайды. Кенет көзіне ұшып жүріп, ағашқа келіп қонған тырна түседі.

Жоан Миро. Қос ғашыққа белгісіз дүниені ашып көрсеткен көркем құс

Жаңа қонған тырнаға ағашта отырған өзге құстар, оның ішінде қарғалар тыныштық бермейді. Қайта-қайта келіп, шоқып, мазасын алады. Құстардың бұл әрекетін көрген сазгер "Адам мен құстың өмірі қандай ұқсас" деген ойға келеді. "Жер бетінде адам баласы бір-біріне сұстана қарап, қызыл сөзге жол біріп, бір-бірін көре алмай, қудалап жатады. Бұл әрекет құстардың да өмірінде бар екен-ау. Тырнаны қарғалар отырғызбай қойды. Мен болсам, көзге жас алып, үйге қарай беттедім" деп үйге келген бойда саябақтағы жағдайды жары Дариға Тілендікелініне айтып береді. Саябақтағы оқиға сазгер жүрегінде қалып, көңіліне тигені соншалықты, ол "Құстар қайтып барады" әнін дүниеге әкеледі.

Жоан Миро. Құстардың құрсауында қалған әйелдер

Кейін Тілендиев Тұманбай Молдағалиевті шақырып алып, әннің шығуына ықпал еткен жағдайды баяндап, көңілі босағанын айтып береді. Ақын композиторды мұқият тыңдап, ән мәтінін жазуға бел буады. Осылай "Құстар қайтып барады" әні халық назарына ұсынылған. 

Жоан Миро. Әйел мен құс

Бұл әннің алғашқы орындаушысы - Қазақстанның халық әртісі Роза Жаманова. Кейін қос дауыста сол кезде өнерге енді ғана қадам басқан Бақыт Әшімова мен Шолпан Тоқсанова деген жас әншілер шырқады. Осы ән арқасында жас әншілердің есімдері кеңінен таралды. Ән танымалдылыққа ие болып, "Құстар әні", "Бара жатыр құс қайтып", "Құстар қайтып бара жатыр" деген атауларға ие болды. 

"Құстар қайтып барады" әнін Қазақстанның халық әртістері Майгүл Қазтұрғанова, Ермек Серкебаев, Нұрғали Нүсіпжанов сияқты саз өнерінің майталмандары шырқады. Нұрғиса Тілендиев көзі тірісінде өз концерттерінің барлығын осы әнмен аяқтайды екен. Өзі шығарған туындылардың ішінен бұл әнді жанына жақын тартып, ерекше санаған.

Жоан Миро. Арлекин карнавалы

madeniportal.kz

author

Тұманбай Молдағалиев

АҚЫН

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...

Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлш...