Аударған А.ЕлшібековI─ Әй, сопайған неме! Бу жібер! - деп дауыстады денесі аппақ жуан мырза, буалдыр...
Әлемдегі ең алғаш жазылған махаббат жыры қазақ тілінде
4066
Әлемдегі алғашқы махаббат өлеңі 1889 жылы Бағдадтан 150 км қашықтықта орналасқан Шумер кезеңіне тиесілі Ниппур қаласында табылды. Авторы кей деректерде Енлил, кейбірінде Лудингирра деп айтылады. Қай есімде болса да аталмыш өлеңнің авторы әйел. Ия, әлемдегі ең алғашқы махаббат өлеңін жазған - әйел кісі. Махаббаттың өзі де әйелден бастау алмай ма дейміз іштей?! Осы бір өлең жаңағы іштей айтылған сөзімізді дәлелдейтін де секілді. Сонымен махаббат жыры жазылған таблетті АҚШ-тың шумерологы Самуэль Ноа Крамер алғаш оқи білген ғалым ретінде тарихта қалды. Олай болса, осыдан 4000 жыл бұрын жазылған әлемдегі ең алғашқы махаббат жырын қазақ тіліне аударып, еліміздегі оқырман қауымға ұсынуға асықпыз. Мархаббат!
О, менің асыл жарым, жаным менің, Бал сынды тәттісің сен, бағым, емім. Алапат арыстандай айбаттысың, Өзіңе үміт артқан қалың елің. Алдында тұрмын, міне, күңдей болып, Апаршы төсегіңе күндей қылып, Дірілдеп тұрмын ғой мен қарсы алдыңда, Жасайық төсегіңде бірдей қылық. О, патшам жақынсың сен жаннан қатты. Тым нәзік аймалауың балдан тәтті. Қойныма тәннен бөліп жақұт төкші, Бақытты етші, көрсетші қалған бақты. Менді алдың менен мәңгі, асыл жарым. Гүлімнің білем қалай ашылғанын. Айт енді анам саған тәтті берсін, Әкем де сыйлық берсің, ғасыр-бағым. Содан соң ұйықтай ғой таңға дейін. Білемін жүрегіңнің жорға күйін, тып-тыныш көзіңді ілші үйімізде, Денеңді демалдыршы жолға бейім. Өзіңмен күн де – бегім, түн де – бегім, Бақыттан әр сәт сайын түрленемін. Енлилді сүйсірген Су-синім-ай, аймала, аймалай бер, үндемегін...
Аударған Файзулла Төлтай