(әңгіме)Менің кіші апамның үлкен қыз баласы Бегімше. Бала кезінде Бегімше менің әке-шешемнің қолында...
Томас Стернс Элиот. Шіркеудегі кісі өлтіру
1948 жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері болған Томас Стернс Элиоттың (1888-1965) өлеңмен жазылған ең танымал пьесасынан үзінді ұсынамын. Алғаш рет жарияланған уақыты 1935 жыл.
«Бұл пьеса 1935 жылдың маусымында Кентербери фестивалінің шығармашылығына арналып жазылған. Пьесаның құрлымына көп көмегін тигізген кеңесші Э. Мартин Браун және Руперт Дун мырзаға, тосын сындар үшін Ф.В.Морли және Джон Хейворд мырзаға алғысымды айтамын.»
Т. С. Элиот
Бірінші бөлім
Кейіпкерлер
Кентербери әйелдерінің хоры
Шіркеудің үш діни қызметкері
Хабаршы
Aрхиепископ Томас Бекет
Төрт азғырушы қызметкер
Сахнада – архиепископ залы,
1170 жылы 2 желтоқсан.
Хор
Шіркеудің жанында тұрайық. Күтейік.
Бір хауіп барма екен біздерге?
Жүрегім хауіпсіз мекенді іздеуде.
Шіркеуге қаратылған аяғым,
Дірілдеп,
Сезе ме бір хауіп баянын?!
Бізге обал ғой, Кентербердің кедей әйелдеріне,
Азапқа орап тік тұрғызып қойған әлем мені де.
Біз не көрмедік.
Ешқандай хауіп жоқ. Тыныштал.
Шіркеу бұл. Хауіпсіз жер емес.
О, о, әрбір іс сигналын береді.
Жүректер елемес.
Көзіміз куәлік етуге,
Аяғымыз сол үшін баруға мәжбүр.
Шіркеуге жылжимыз.
Куәлік етеміз бәрібір.
Алтын қазан жоқ,
Қап-қара қараша...
Алмалар үзілген...
Жердің тулағы қоп-қоңыр қарасаң...
Балшыққа шаншылған өлімнің өткір нүктесі,
Жаңа жылыңды түнекте күткенсің....
Дем алып...
Күтіп...
Сыбырлап...
Жұмысшы балшық етікпен жер теуіп,
Қолын созады өрттерге...
Бармақшы жаңа жылына, көктемге...
Отқа қол созу арқылы,
Еске алып әулие бабаны...
Барлық құт өрттен жылтылдап қарады...
О, сен еске алдың өзіңді көп күткен
Әулие баба мен шейттер қатарын,
Кім болдың? Кімсің?
Өрт пе екен атағың?
Қолын созды да оттарға,
Бас тартты қожайынының қожаңдауынан,
Жып-жылы сезімдер өтті енді жанынан.
Оттағы құшаққа бөленіп,
Қожайыныңнан көрмейсің көрелік.
Жеті жыл, жеті жаз қайғыдан бұрқанып өтуі...
Архиепископтың бізді тастап кетуі...
Еліне қайырымды жан еді шіркеулік сарайда,
Қайтып оралса тым жақсы болмайды алайда.
Патша мен күштілер билеп тұр.
Зәбірін көрдік те.
Зәбірдің соңына өзімізді қалдырамыз...
Бейне бұл елеусіз көп нүкте...
Жападан жалғыз отырсақ айтамыз шүкірлік...
Шаруамызды реттеп, жыртықты бүтіндеп жүгірдік.
Қутыңдап саудагер жияды азғантай сүйіне,
Жұмысшы жердің түсіне – өзінің қара түсіне иілер,
Еңбек қып, тырмалап...
Жалғыздықты сүйеді...
Бақылап тұратын жоқ ешкім.
Енді мен қорқамын.
Тыныш маусымдардың бұзылатыны жайлы елес тұр.
Теңізден өлім әкелетін қыс келеді...
Есігімізге бұзылған көктем сүйкенеді...
Өсімдіктің тамыры мен сабағы құлағымызды шырмап жейді...
Алапат жаздар бұлақтың бесігін өртеп жібереді дейді...
Кедейлер тағы бір өтіп кететін қазан айын күтер, о, о,
Жаз неге бізді қайғыртты? Зармен киініп келе ме?
Жаз неге қайғы әкелді? Түсінбен.
Күзгі өрт пен қысқы тұман үшін бе?
Жаздың аптабында қайтер екенбіз дағдарып,
Тақыр бақтарда қазанды күтеміз бе сандалып.
Бір ауру басымызға келеді.
Күтеміз. Күтеміз.
Әулиелер мен шейттер шейт болатындарды күтеді.
Күткенін біліп жүреміз.
Тағдырлар күтеді құдайдың қолында...
Белгісіз... Жұмбақтың жолында:
Мен көрдім тағдырларды күннің ішінен,
Тағдырлар күтеді құдайдың қолында,
Саясаткерлердің қолында емес...
Түсінем.
Кімдер қайтеді?
Біреуі ауырар.
Біреуі жап-жақсы.
Біреуі жоспарлап өмірін.
Уақыт үлгісінде жоспарлары бар алдайтын сенімін.
Осы жоспарлар айналар қолында биліктің...
Кел желтоқсан,
Құттықтаймын, осы айдан сый күттім.
О, уақыт, о, ай,
Сені кім сақтайды,
Биліктің мысқылдап тұратын жері ме бұл ара?
Адамдар ұлы мысқылдың қоқысында қайтадан туа ма?
Бізде – кедейлерде әрекет жоқ, көп күткем...
Туу мен куә болудан басқа ештеңе жоқ мүлдем.
[Діни қызметкерлер кірді]
Бірінші діни қызметкер
Жеті жыл, жеті жаз қайғыдан бұрқанып өтуі...
Архиепископтың бізді тастап кетуі...
Екінші діни қызметкер
Архиепископ қайтсын, құрыған, дағдарған...
Біздің ұлы Рим папамыз сандалған
Қыңыр королмен, Француз королымен алысып,
Толассыз айламен,
Бітіммен,
Жиналыс күнімен, түнімен,
Біреуді қабылдады,
Біреуді қабылдамады,
Қошамет сауылдады,
Қошамет сауылдамады,
Аяқталған кездесулер...
Аяқталмаған кездесулер...
Францияның жүр ме екен әйтеу бір тұсында?
Үшінші діни қызметкер
Уақытша басқару өнерінде мандыған қуат жоқ, расында.
Зорлық пен зомбылық, екіжүзділік, жаңылу, шатасу,
Королдар мен күштілер өзіне ыңғайлы заң ашып:
Әлсіздер ырықсыз, күштілер ырықты,
Билікті мығым ұстауда жалғыз заң жүріп тұр:
Сабырлы адамдар нәпсіге берілмей, жоламай байлыққа,
Дейтұғын заңынан бұқара шаң жұтқан.
Дейді де әлсізді шабақша асаған...
Аптыққан.
Бірінші діни қызметкер
Осымен бітті ме,
Мүлде?
Қақпадағы кедейлерге дейін...
Шіркеу мырзаларымен бірге...
Құдайын ұмытқан.
Құдайдың досындай бабадан көңілін суытқан.
[Хабаршы кірді]
Хабаршы
О, құдайдың қызметшілері,
Шіркеуді бақылап жатқандар...
Мынаны хабарлап тұрмын мен қақпаңда:
Архиепископ Англияның иен бір тұсында,
Осы бір хабарды менімен ұшырған.
Оның келетінін айтып жеткізу үшін,
Онымен кездесу өткізу үшін...
Бірінші діни қызметкер
Аяқтады ма қуғын мен сүргіні?
Архиепископ не болды?
Патшамен татуластыңыз ба бұл күні?
Өз қасиеттерін мақтан ететін екі адам
Қайдан тыныштық табады мынадан.
Шыңтөс пен балғаның арасында соғылуды күту ме?
Ескі дау-дамай жақындады ма бітуге?
Мақтаныш қорғанын құлатқан жан барма?
Бөлді ме оларды осы там,
Бейбітшілік, соғыс...
Қайсысы келеді аңғарға?
Амандығына кім кепіл?
Римда жатыр ғой рухани билік.
Біз оған билік мен халықтың қисапсыз ынтасын құйдық....
Күштілердің қызғанышы мен өшпенділігіне қарсы тұра алар ма едің?
Хабаршы
Сенімсіздігіңнен шыға алар ма едің?
Ол мақтаныш сезімімен және қайғымен қатар келеді...
Талабын айтқан.
Халықтың адалдығына көзсіз сенеді.
Оның қатал тартқан қабағын көргендер жол төсеп,
Шапандарын оңына,
Маусымның жапырақтары мен кешкі гүлдерді сеуіп жолына...
Қала көшелері тұншығар жиналған адам легінен,
Ал, оның есімі бөлініп шығар көгіне...
Әр тал шашы жәдігер болып көрінер.
Рим папасымен, Франция королымен біртұтас тұлғаға айналды,
Өз патшалығының ендігі билеушісін елестетер кім онымен?
Патшамыз жайлы әңгіме мүлде басқа енді.
Бірінші діни қызметкер
Бірақ, бейбітшілік пе, соғыс па өзі,
Ойлантқан сауал қанша ерді?!...
Хабаршы
«Бейбіт өмір осы, бейбітшілік» дейсің,
Сүйіне алмаймын мұныңа,
Бейбітшілік мен үшін түтінсіз соғыс, күнім-ау!
Бейбітшілік деген мен үшін Лорд Архиепископ болатын,
Көз алдындағы алданышын қадірлейтін жаратып,
Талғампаздық қасиеті жоқ болған соң,
Талабын
Көбейтейін қолдан жасап амалын,
Бейбітшілік – тыныштығы жаныңның,
Жанымның тыныштығын сағындым.
Ештеңенің соңы да, басы да емес білерім,
Бар болғаны Архиепископ жарқыратты жүрегін.
Ол патшаға былай деді кесетіп:
« Құдай маған «адам ретінде қалдырамын» деп еді,
Бұл өмірде мен кімдерді көрмедім,
Мен де сізді адам ретінде көремін.
Күтем сізден... Биліктен де осыны...»
Не меңзеді, әркім әр түрлі ойлады...
Бірақ, жақсы болжам жоқ. Бір хауіпке бойлады.
[Шықты.]
Бірінші діни қызметкер
Мен Аархиепископ үшін қорқамын,
Шіркеу үшіе қорқамын.
Тәкаппарлық кенеттен жауып кетті жол маңын.
Қиындықпен расталды осы хауіп, болжам бұл.
Мен оны патша қасындағы уәзірдей көрдім де, толғандым.
Сарайдағылар ығатын уәзірдің асқақ сәнінен,
Ұнататын да...
Менсінбеушілігімен оқшау тұратын бәрінен...
Әрқашан сенімсіз ішінде олардың,
Өзінің қасиеттерімен мақтанған жүрегін табармын.
Беймаралдығы мен бейтараптығынан ләззәт алатын...
Жомарттықтан көңілі паңдық табатын...
Көңілін құлдыратқан жеккөрінішті билік,
Жалғыз құдайға бағынуды үн қып,
Патша зор ма еді, әлсіз бе еді, қалай-ау,
Томас үшін басқаша сарай-ау?!...
(Үзіндінің соңы)
Аударған: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы
Мәдениет порталы