Серікбол Берікқожа: Еліміздің болашағы жастардың қолында екені хақ

САЯСАТ
4453

Жастар қай заманда, қай ғасырда болса да, қоғамдық өмірдің ең белсенді мүшелері саналған. Әрбір елдің даму көкжиегін, мәдени-рухани келбетін, арман-аңсарын, талпынған мақсат-мұратын белгілі бір дәрежеде сол елдің жастарына қарап та бағамдауға, бағалауға болады. Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Қайратұлы Берікқожа мырзамен сұхбаттасып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойған едік. Мархаббат! 

Тілші: Серікбол Берікқожа мырза, әлемнің аяғына тұсау салған аты жаман індет жастар басқармасының жұмысын қалай өзгертті? Сұхбатымызды осыдан бастасақ...

С. Б.: Бұл індет барлық саланың тежелуіне әкіп соққаны анық. Алайда таяқтың екінші ұшы жаңа бағыттар мен өзгеше форматтарды іске асыруға мүмкіндік берді десек болады. Себебі жастар басқармасы өз жұмысын тоқтатпай жаңа бағыттарға бағытталып жұмыстар атқарды. Онлайн форматтағы ісшаралар, байқаулар мен семинарларды жандандыра түстік.

Басқарманың басты міндетінің бірі – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Жастармен бетпе-бет кездесіп, олардың мәселелерін талқылап, түрлі демалыс шараларын ұйымдастырып жүрген бізге, тез арада онлайнға өту оңай болмағаны рас. ТЖ кезінде жастарымыздың, оның ішінде волонтерлардың облыс тұрғындарына көп көмек тигізді. Азық-түлік жеткізі, дәрі-дәрімекпен қамтасыздардыру, үй шаруаларына көмектесу сынды жұмыстарды волонтерлар тұрақты түрде жасап жүрді. Ағымдағы жылдың 12 айында өңірімізде мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы мен 2020 жылға дейінгі тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында 11 бағыт бойынша 5 254 іс-шара өткізіліп, оған 133 404 адам қамтылды.

Тілші: Биыл аты жаман індеттен бөлек, Қазақстан халқы үшін ерекше жыл. Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Аз ғана уақыттың ішінде еліміз «бір жеңінен қол, бір жағадан бас шығарып» болашаққа нық сеніммен аяқ басқаны баршамызға аян. Әрине, болашаққа жол алған мемлекетіміздің қозғаушы күші –жастар. Енді Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай, Жамбыл өңірінде қандай жұмыстар атқарылуда және қандай негізгі бағыттарға басымдық берілуде?

С. Б.: Басқарма тарапынан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тегін такси», «Зейін», «Тәуелсіздік құртастарының тартуы» сынды ірі жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты халықаралық жас ақындар айтысы, «Taraz hackathon-2021» атты веб-бағдарламашылар арасында республикалық байқауы, «Тәуелсіздік толғауы – жастардың жарқын қолдауы» атты студенттер мен оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирін, «Тарихы терең Таразым» атты республикалық квест ойынын, «Жамбылым менің еңселі, жырыма қосам мен сені!» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасын, «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құндылығы» тақырыбындағы жас ғалымдар арасында өткізілетін республикалық ғылыми-практикалық конференциясын және «Татулықтың тірегі – Тәуелсіз ел жастары» атты өңірлік жастар форумын өткізу жоспарлануда.

Іс-шаралардан бөлек облысымызда NEET санатындағы және провацияда жүрген жастармен, жас отбасылармен жұмыс жүргізу қолға алынудан. Бұл бағытта арнайы межелер беітіліп, нақты жұмыстар жүргізіліп бастады. Сонымен қатар, өткен жылы өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарлама қабылданды. Аталмыш бағдарламада барлық жастардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған басым бағыттар анық көрсетілді. Жастарды жұмыспен қамты, бос уақытын тиімде пайдалану, бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың мәдини-көпшілік іс-шараларға тарту, саяси-құқықтық сауаттылығын арттыру және дарынды шығармашыл жастарды қолдау бағыттары қолға алынуда.

Тілші: 2019 жыл «Жастар жылы» болып аталды, өткен жылы 2020 жыл «Еріктілер жылы» болды. Әрине, тек осы екі жыл ғана жастар мен жас еріктілерге арналады деп қысқа қайыруымызға болмайды. Себебі жастар еліміздің ертеңі. Осы орайда сізден сұрағым келіп отырғаны, Жамбыл облысында жастар мен еріктілердің нендей жаңалықтары бар?

С. Б.: Өзіңіз айтқандай, жастарды қоғамнан бөліп тастауға болмайды. Олар ертеңгі біздің болашағымыз. Мемлекеттің де саясаты жастарға сапалы білім мен дұрыс тәрбие беру болып табылады. Бастысы жылдардың атауында емес, жастарға жасалып жатқан жағдайларды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жастардың шетелде білім алуына, елімізде сапалы білім мен жақсы маман болуы үшін жан-жақты жағдайлар жасалып келеді. Білім беру мен қатар жастардың билікке араласуы, саясатпен айналысып, өз білімі мен идеяларын іске асыру үшін мүмкіндіктер өте көп. Оның бірі Президенттік кадрлық резерві жобасы, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына жастар квотасын заңмен белгілеу сында нақты жұмыстар дәлел деп ойлаймын. 

Жастар жылы мен Волонтерлар жылы аяқталғанмен мемлекеттік жастар саясаты дамыту мен қолдауға бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған республикалық кешенді жоспар бекітіліп, атқаратын жұмыстар шегеленіп берілді. Бұл біз үшін шам шырақ секілді. Алдағы уақытта осы бағыттарда жұмыстар жүргізілетін болады. өткен екі жылдың шеңберінде жастардың мүмкіндіктері мен оларға бөлінетін уақытты шектеп қоюға болмайды.

Облысымызда «Әулиеата жастары» волонтерлық штабы құрылды. Штабта бір мыңға жуық ерікті жастар қызмет атқаруда. Волонтерлық қызмет нақты бір жолға қойылып, даму қарқыны жиілей түсті. Облыс әкімінің тапсырмасымен еріктілерді дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар қалыптастырылды. Сонымен қатар, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысын жаз айларында ғана емес наурыз-қазан аралығында ұйымдастыру жұмыстары да қолға алынды. Өткен жылы аталмыш шараға бір жарым мыңға жуық жас қамтылды. Олардың ішінде жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы жастарға назар аударылдғанын атап өткім келеді. Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен «Облыстық жастар орталығына» жеке ғимарат берілді. Барлық жастар бір ортада шоғырлануы үшін қолайлы жағда жасалуда. Сондай-ақ, бірнеше жастарымыз мемлекеттік наградалармен, «Халық алғысы» медалімен, ҚР Президентінің Алғысхатымен және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Алғысхатымен марапатталды.

Тілші: Президенттің тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадрлық резервіне 300 қазақстандық қабылданды. Олардың арасында қанша жамбылдық жастар бар?

С. Б.: Біздің облыстың 24 тумасы бар. Қазіргі таңда оның біреуі тұрақты тұруда. Облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ә.Тамабек қызмет атқаруда.

Тілші: Жамбыл облысының басқа өңірлердегі жастар басқармасымен байланысы қандай? Олармен ортақ қандай да бір жоба яки жоспарлар құрылып жатыр ма екен? 

С. Б.: Өзге де өңірдегі жастар басқармасының жұмыстарына ақпараттық қолдау көрсетеміз. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары, студенттік құрлыс жасақтары, Дельфилік ойындар, пікірсайыс турнирлері мен түрлі өнер байқауларын ұймыстыруда әріптестік қатынастар жасаудамыз. Алдағы уақытта, карантиндік шаралар жеңілдетілсен оңтүстік облыстардағы жастар ресурстық орталықтарының жұмыстарын жандандыру бойынша тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 

Тілші: Жамбыл облысының жастары кәсіп ашуға белсенді ме, оларды ынталандыру үшін қандай жобалар орындалып жатыр? 

С. Б.: Иә. Облысымызда ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы болғандықтан, егін, төрт түлікті өсіру және құс шаруашылығы жақсы дамып келеді. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерде жылыжайлардың жұмысы да қолға алынуда. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша облысымызда жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған «Бастау бизнес» жобасы аясында 1 634 жас оқытудан өтіп, 1 627-і бизнес жоспарын қорғаса, жоба аясында 21-і шағын несие алды, 1 144-і грант алды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде облыс бойынша 1 838 жас мемлекеттік гранттың жеңімпазы атанды.

Тілші: Қазір біздің алдымызда ұлттық құндылықтарды сақтаған және әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылатын білімді, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Осы ретте Жамбыл жастарын заман талабына сай тәрбиелеу қаншалықты маңызды?

С. Б.: Бұл жерде тек Жамбыл жастарын емес, барша жастардың заман талабына сай тәрбиелеу маңызды деп санаймын. Алаш зиялылары сынды намыс пен білім бізге әрқашан да керек дүниелер. Еліміздің болашағы жастардың қолында екені хақ. Осы мақсатта жастардың рухани бай болуы, өз тарихын тереңнен білуі және білімді болуы басты мақсат деп есептеймін. Ол үшін жастардың санасын жаңғыртатын, бойына ұлттық тәрбиені сіңіртетін жобаларды қолға алудамыз. Басқарма тарапынан «Жігіт сұлтаны», «Әулиеата аруы», «Инабатты келін», «Үлгілі жас отбасы» сынды ұлттық тәлім тәрбиеге баулитын жобаларды іске асырудамыз. Сондай-ақ, сал-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында 20 жуық роликтер әзірлеп, әлеуметтік желілер арқылы таратудамыз. Бұл жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.  

Тілші: Жамбыл облысынан шет мемлекеттерде қанша жас жеткіншек білім алып жатыр. Олардың ол жақтағы тұрмыс-тіршілігімен, экономикалық жағдайларынан хабарыңыз бар ма? 

С. Б.: Өңірімізден 2019-2020 жылы бітірген оқушылардың 470-і шетелдік оқу орындарына білім алуға түскен. Олардың басым бөлігі шетелдік оқу орындарының гранттарын жеңіп алғандар. Олармен жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік жастар ресурстық орталықтары тұрақты байланыс орнатқан.

Тілші: Шетелде немесе өңірлік универсиетте білімін тамәмдаған кез-келген жастың алаңдайтын көптеген мәселесі бар. Олардың ішіндегі ең маңыздылары баспана пен жұмыс деп білеміз. Сіздер жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне қалай ықпал етесіздер?

С. Б.: Бос жұмыс орындары бойынша жастарды ылғи хабардар етеміз. Барлық әлеуметтік желілерге жарнама жасалынады. «Серпін», «Дипломмен ауылға» және «Жастар практикасы» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастар жұмыспен қамтылуда. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнге 2,9 пайызды немесе 6 899 жасты құрады. Сол сияқты, жастарды жұмыспен қамтуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да маңызы ерекше.

Осы бағдарлама аясында 582 маманға 160,2 млн теңгеге көтерме жәрдемақы және 328 маманға тұрғын үй сатып алуға 1,3 млрд теңге қаржы бөлінді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 18 541 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтсам, 8 820 жас ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 603-і қысқа мерзімді кәсіби курсында оқытылды, 375-і шағын несие алды, 1 634 жас «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыды, 264-і әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, 2 493 түлек жастар тәжірибесіне жолданып, 4 352-і ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

Сонымен қатар, жастарды мемлекеттік бағдарламаларды кең көлемде насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, жыл сайын жастарға кеңес беру автокеруені облыс аудандарына, шалғай жатқан ауылдық жерлерге шығарылып келеді. Керуенге облыстық деңгейдегі 22 мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың өкілдері қамтылуда. Бүгінде жыл басынан қаладағы жабық сауда орындарда, ашық алаңдарда салалық басқармалалардың қатысуымен тұрақты түрде кеңес беру алаңдары өткізіліп келеді.

Тілші: Өз алдына жеке тұлға болып қалыптасқысы келетін жастар сіздердей адамдарға қарап бой түзейді. Сіз қазір 18 жасар жамбылдық яки еліміздің кез-келген өңіріндегі жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

С. Б.: Барлық назарды оқуға аудару керек. Оқуда, жаңа нәрсені үйренерде жалқаулыққа жол бермеңдер. Мүмкін болса, диплом алғанша тұрақты жұмыс табуға тырысыңдар. Жалпы айтқанда студент күнінде өзінің жұмыс бағытын таңдай білу керек. Сондай-ақ, жан-жақты қоғамдық өмірге белсене атсалысу қажет деп ойлаймын.

Сұхбаттасқан: Жомарт Жылкелдіұлы

"Мәдениет порталы"

Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтың алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова көз жұмды, деп хабарлайды Madeniportal.kz....

Жаңалықтар

Жоғары аудитор палатасы қайырымдылық қорларының жаппай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды madenipo...