«Қазгидромет» синоптиктері 26-28 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, де...
Ақын Әділет Шопен «Мәдениет порталына» қызметке келді
3235
Бүгінен бастап талантты ақын Әділет Шопен «Мәдениет порталының» Поэзия және Бейнелеу өнері бөлімінің шығарушы редакторы болып қызметке келді. Осыған орай"Мәдениет порталы" ақынның бір топ өлеңдерін оқырман назарына ұсынады. Мархаббат!
***** Кешкі пәтерде ескі құбырлар жылу маусымын ұзақ күтеді Күтеді әлдене умаж-умаж қағаз бетінде Ұйқастан мүлде шаршаған өлең Соңыра аялдамада тұрасың Өзің отырмайтын автобустың тез келетініне таң қалып Ойыңмен өлең жазасың, алданып Және де есіңе түседі қайдағы көп, Қартайған мемлекет басшыларының өлген кесірткесі секілді, Жас келіншектеріне қайраны жоқ Өмір сүрмейсің, тірі қалудың амалын жасайсың; жоспарды Күз келіп әйнек пен терезе буланды, Яғни көзілдірік кигендер мен ғашықтарға романтикалық кезең басталды Жыл сайын Қазанда ешкіммен қоясың араласуды, Нөпір ішінде жүресің, Сезініп өзіңді ақтардың ішіне топ ете қалған қара нәсілді ...Кісікиік Бағдаршам жасылға жанғанда бәрін де ұмыт, Жаяу жүргіншілер жолағында жазымышыңды басып Өзіңе қарай аяңдап келеді күдік Ешкім жоқ қасыңда, қасыңда жоқ ешкім, Неке түні өлтіріп алған махаббат елесінен басқа Ілкіде қалған іңкәрлік өлеңін жазасың тасқа *** Бояуын мұңның ұрттап ап кештен Уақытқа сәлем жолдаймын Жанымыз біздің - бұлттар ақ көшкен, Бүгінгі Әділет болмаймын, ертең... Кешегі Өзім емеспін бүгін. Жанарым қатқан жолменен өстім Естелік қалайды елестің түрін, Елестің түрін. Ол мен емеспін Соңында, бірақ сөздер қала ма, Сөнген ошақтай сөнеді даусың Өзім отырам... өзге қалада, Жаңбырын бәлкім төгеді Маусым. Жауады жауын... Балаша күлдім, Астында қалып, аздан сұрадым- Осы жолдарды, Болашағымның, Өткен шағында жазған шығармын! Рауан-сәуленің жарығын басып, Бұл жырды түнде, түсімде оқыдым. О, бәлкім менің қарыным ашып, Асқазанымның ішінде отырмын!?*** Суып қалған кофедей мына жүрек, Жүрегімді өртеші бір ақ рет Күдігіме оранған тілек бір- ақ, Тереземнен ай емес, түнек құлап Кірпігіңе жас тоқып мына қайғы, Бірақ одан ештеңе құламайды. Менің жазған бар күнәм сол ақ болды Қолын сермеп тіршілік - шолаққолды... Суық түнге өлеңмен түртем өмір, Сенің күрсінісіңмен бүркенемін Немесе мұң түбінде жатыр жүрек Бір ақ рет сүйдірші - ақырғы рет Келгенің - бәрін тастап мен дегенің, Ең дұрысы ешқашан келмегенің! *** Санаң - өткен өмірді жоқтаған жақ Жап-жарық боп жанатын тұсы - өлеңдей. Ой ұшады төбеңнен төрттағандап Сүйектері сөзбенен мүшеленбей. Ауыр мұңдай бір соқпай кете алмайтын, Жарық шамның көзінен көрінбей түн. Өзендердей мұхитқа жете алмайтын, Ұзын сөздей буынға бөлінбейтін. Ауа қалды шымырлап қуысында, Көшелердің көзінде батыпты күн? Ал, бөлмемнің бесінші бұрышында Өрмекшілер тоқиды уақыт жібін. Іңір дағы келуін жыр ғып төксе, Жалғыздығын жаныңның шертсе қыры. Болашақтың аузынан сырғып кетсе Сұраулы есімдіктің көпше түрі. *** Сені сүйдім. Сүйдім де жанды ұмыттым, Өлді бір күн..сездіріп мəңгілікті. Мен түн үшін күрсіндім, жылағам жоқ, Ал сен кешкі елесі жаңғырықтың. Ұшар болсаң сөздермен неге ұшпадың, Мен сезімнің тізгінін кері ұстадым? Дөңгеленген төбемде жарық Айым, Менің жаным сол Айдың теріс жағы,- Кірпігіңде дірілдеп, бөлек тоңса, Бəрін қайта бастауға себеп қанша? ...Өлім менің ойымнан суық емес, Таң қалдырып көрсінші керек болса! Көңіл қайтып барады терістіктен, Өмірде өлең үшін деп іштік пе? Кетер кезде жалғыздық кідіреді, Көзіңдегі əлдебір кеңістікте... Алды екені белгісіз арты екені, Көп ішінде өмірім - жалқы өтеді, ...Аспанымыздың қарңғыланғаны сонша, жаным, Артынша жұлдыздар да жарқ етеді... Ештеңе Бесін-ді. Әлдебір көшелердің қиылысындағы арзан кафеде отырсыз. Бағдаршам салтанатты түрде «қызылды-жасылды» көздерін жағады. Сіз ештеңені көрмейсіз. Соқырсыз Даяшының сізге әкелген тамағы-- Сіздің Францияда отырмағаныңызды білдіреді. Болашаққа деген сағынышты көп сақтайды жады.. Есепшот еріксіз күлдіреді, Бұл жердің Лондон емес екенін мәлімдейді тағы. Сол жағыңызда минстрліктер үйі, оң жағыңызда ұлттық музей. Немесе керісінше. Бәрібір түкте өзгертпейтін бақыт - Қиялыңызбен ойыңыздың өрісінше, Төңкеріс жасауға ең қолайлы уақыт. Шексіздікке жұтылған көшелер, адамдар өзінен безінген. Болашақты ойлауға да миыңыз бата алады. Сіздің бойыңыздан бұрыннан геометрияға деген әлсіздік сезілген, Ол «Жалғыздық» деп аталады Оқу да жоқ, жұмыста жоқ біз бе дейсіз, Енді қайтіп өмір сүрдік ботам-ай?.. Жоқ, сіз осы жолы ешкімді іздемейсіз, Өйткені тірі жандардан гөрі, елестер мен арxитектураны шақыру оп-оңай Миыңызда. **** Күлгінтүсті күнбатыс мұңға алмасқан Көңілден көкжиекке жындар қашқан Мен де көрер күнімді күлгін іштім, Күдік - неке секілді біржынысты Сосын ардың сотына шақырылдым, Артқы есігі ашық қап ақылымның Сайтан шашын екіге аспан өріп, Жалғыздығым жиырма бес жасқа келіп - Мұңаямын. Қырсығып күлмей құрбым... Бүгін үйге қонам ба? Білмей тұрмын... **** ...Бұл немене өмірдің соңы ма еді?!. Тұла бойымнан тылсым - нұр төгіледі.. Қарсы келген қайғының бет - әлпеті, Сондай әсем көрінеді!.. Неге ендеше жанымыз налымақшы?! Өкінумен не ұтып,жарымақсың?! Көрген қайғың, шеккен мұң, сатқындықта,-- Бәрі де бәрі жақсы!.. Керек емес сондықтан дандайсуың?! Жалындамай, жете алмай, жанбай, суу... "Өмір-ғажап" деп айтшы осы бастан,-- Өлімді де қарашы, қандай сұлу!