ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи Әміржан Қосановпен жақын араласпайтынын айтты, деп ха...
Альберт Эйнштейн «өмірге қайта келді»
Жасанды интеллектуалды цифрлық чат-боттардың дизайнын жасайтын UneeQ компаниясы Aflorithmic аудио-контент өндіретін ұйыммен бірігіп, әйгілі ғалым Альберт Эйнштейнді "өмірге қайта алып келді".
Аталмыш екі компания әлемдегі кез-келген интернет қолданушысының аты аңызға айналған Эйнштейнмен сөйлескісі келетінін алға тарта отырып, әйгілі физиктің бейнесін жасауға бел буған. Пайдаланушыларға нақты һәм шынайы Эйнштейнмен бетпе-бет келгендей сөйлесуге және практикалық сұрақтар қоюға мүмкіндік беруді мақсат еткенін айтады.
UneeQ компаниясы Эйнштейннің прототипін мүмкіндігінше шынайы ету үшін визуалды кейіпкерлерді құру техникасын жетілдірілген есептеу ақпараттық қозғалтқышымен біріктірген. Жобаның негізін қалаушы зерттеушілер жасанды интеллектке қолданушылардың сұрақтарына орай өз ақпараттары туралы ойланатындай сөйлеу қабілетін қосқан. Зерттеушілер бұл функция роботты қолданушыларға жақынырақ етеді деп ойлайды.
Мұнымен қоса, зерттеушілер тарихи жазбалардағы ғалымның неміс акцентіне ие екенін және оның ақырын, нәзік дауыспен сөйлейтінін назарға ала отырып,Эйнштейнге ұқсайтын чат-ботқа дәл сондай дауыс беруге тырысқан. Алайда Эйнштейннің шынайы даусымен жазылған жазбалар сапалы болмағаны үшін нақты дыбысты қайта құру қиынға соққанын да жасырмайды.
Дегенмен, екі технологиялық компания чат-ботпен бетпе-бет келген әр пайдаланушы Эйнштейн дауысының дәлдігіне көп мән бермейді деп ойлайды. Осы болжамға сүйене отырып, зерттеушілер шын мәнінде Эйнштейн үшін жаңа дыбыс шығаруды жоспарлап отырмыз деп мәлімдейді. Бұл дауыс физиктің дауысына ұқсамайтын шығар, бірақ акценті мен басқа ерекшеліктеріне байланысты қолданушыларға таныс болуы мүмкін.
Компания цифрлық Эйнштейн жобасы адамдармен диалог құру үшін жасанды интеллект әлеуеті тұрғысынан тек бастама екенін мәлімдеді. «Сандық Эйнштейн біздің басқа сандық модельдеріміз сияқты пайдаланушылармен ең табиғи түрде сөйлесе алады», - дейді UneeQ бас директоры Дэнни Томсетт.