16-27 қаңтарда Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан U-22 Азия чемпионаты өтеді.Қазақстан құ...
Қостанай облысында өрт кезінде он адам зардап шекті - ТЖМ
Қостанай облысында өрт кезінде он адам зардап шекті, - деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Халық пен өрт сөндіруге қатысушылар арасында өлім дерегі тіркелген жоқ. 10 адам жарақат алды, оның ішінде күйік шалғандар, жеңіл және орташа дәрежеде уланғандар (5 қарапайым адам, ішінде бір кәмелетке толмаған адам бар, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері) бар. Осының ішінде 4 адам орталық аудандық ауруханада жатыр, 6 адам тексерістен кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді", - деді ведомство өкілі.Жедел ақпаратқа сәйкес 8 сағат бойы Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
"Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағында өрт ауыздықталды. Бензин және дизель отыны бар құралдар жанған жоқ. Аманқарағай және Озерное ауылдарының тұрғын үйлеріндегі өрт оқшауланды, жекелеген ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ТЖМ өкілі.
"Бүгін Қостанай облысына Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 15 автоцистерна, 2 адам таситын көлік, 1 қызметтік автокөлік, сондай-ақ, Алматыдан ТЖМ 2 тікұшағы келеді. Қазір бағалау үшін әуе барлауы жүргізіліп жатыр. Әуе барлауының қорытындысы бойынша күштер мен құралдар орман алқабындағы өрт ошақтарын сөндіруге және елді мекендерді қорғауға бағытталады", - деп қорытындылады ТЖМ өкілі.Айта кетейік, бұған дейін жағдай жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар Р-36 тасжолында көлік қозғалысы және темір жол бойынша пойыз қозғалысы (№82, 43, 51, 37, 622 пойыздар, барлығы - 908 жолаушы) толық қалпына келтірілген болатын.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 4 қыркүйекте Қостанай облысы Әулиекөл ауданы аумағында жоғары температура 28 градусқа дейін сақталады, жел жылдамдығы секундына 9 метрге дейін жетеді.
Еске салайық, 3 қыркүйекте ауа температурасы 36 градус, жел екпіні секундына 23 метрге дейін болып, өрт аумағы 9 400 гектардан асқан еді. 3 қыркүйек сағат 16.00-ден бастап өрт Озерное (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное (1 тұрғын үй), Аманқарағай (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар) ауылдарының тұрғын құрылыстарын, Аманқарағай мұнай базасының аумағын шарпығаны белгілі болды. Қазір 108 ғимарат өрт салдарынан бүлінген.