«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

Жаңалықтар
1236

Бүгін Астана төріндегі  Қазмедиа орталығында баспасөз, радио және интернет-журналистика саласы бойынша «Үркер-2018» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бұл сыйлық Ақпарат және коммуникация министрлігінің бастамасымен БАҚ қызметкерлеріне өткен жылы алғаш рет берілген еді.. 


БАҚ саласына арналған ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы – «Qazcontent» АҚ. Биылғы «Үркер»  ұлттық сыйлығы «Қазақ» газетінің 105 жылдығына арналған еді. Баспасөз өкілдерінің арасындағы берілетін бұл марапат – журналистика мәртебесін арттыруға және журналистердің кәсіби біліктіліктерін анықтап отыруға бағытталған деуге болады. Сонымен,  үздік шыққандарға тоқталсақ

  • «Үздік аналитикалық материал» аталымы бойынша "Казахстанская правда" газетінің тілшісі Әсел Мұқанова.
  •  «Үздік халықаралық аналитикалық материал» аталымы бойынша "ЦентралАзияМонитор" басылымының тілшісі Сәуле Исабаева 
  • «Үздік репортаж» аталымы бойынша "Today.kz" сайтының тілшісі Илья Астахов
  • «Үздік фотосурет» аталымы бойынша "Tengrinews.kz" порталының фототілшісі Тұрар Қазанғапов 
  • «Астананың 20 жылдығына арналған материал» бойынша «Қазақ газеттері» ЖШС қызметкері Ғалым Омархан
  • «Үздік журналистік зерттеу» аталымы бойынша "Time.kz" журналисі Асқар Джалдинов 
  • «Экономика мен қаржы туралы үздік материал» аталымы бойынша "Капитал.кз" газетінің редакциясына 
  • «Үздік сұхбат» аталымы  бойынша «Айқын» газетінің журналисі Гүлзина Бектасова
  •  «Қазақстан туралы үздік танымдық материал» аталымы бойынша Yvision.kz тұғырнамасының өкілі Яков Федоров
  •  «Үздік вайн» аталымы бойынша Нұрлан Батыров
  •  «Үздік аймақтық радиостанса» аталымы бойынша Жұлдыз FM радиожелісі 
  •  «Үздік қазақстандық радиостанса» аталымы бойынша «Шалқар» радиосы
  •  «Үздік Интернет БАҚ» аталымы бойынша Informburo.kz ұжымы
  •  «Үздік аймақтық баспасөз» аталымы бойынша «Жетісу» газеті
  •  «Үздік республикалық баспасөз» аталымы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы жеңімпаз атанды. 

Сонымен бірге байқаудың лауреаты атанған журналистерге естелік мүсін және әр жеңімпаз 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды.


madeniportal.kz

Спорт

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Нақтырақ айтсақ, бүгін дзюдо, бо...

Қазақстан

Алматыда Әуезов ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Алтынсарин даңғылындағы уч...