Стэнли Кубрик және оның камерасындағы әлем

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
5248

Кубрик. Кубрик. Кубрик. Стэнли Кубрик. Стэнли режиссер ретінде бүкіл әлемге танымал. Бірақ оны фотограф ретінде ешкім білмейді. Осыған орай атақты режиссердің Венадағы Look журналына арналған жұмыстарының фотокөрмесі ашылды.

Стэнли Кубрик (1928-1999) 20 ғасырдың ең беделді режиссері болып саналады. Оның атақты "Космическая одиссея", "Заводной апельсин", "Сияние" және "С широко закрытыми глазами" сынды фильмдері көрермен санасына төңкеріс жасағаны жасыра алмаймыз. Тіпті біздің фильмдер туралы ойлау жүйемізге айтарлықтай әсер еткені де рас. Ал С. Кубриктің таңғажайып фотосуреттері осы бір фильмдерінің көлеңкесінде қалып қойған секілді сезім сыйлайды.

С. Кубрик 1940 жылдардың ортасынан бастап Look журналының бұйрығымен 300-ден астам фоторепортаждар жасайды. Бұл Кубрикке осы бір өнердің егжей-тегжейін зерттеуге мүмкіндік береді. Осылайша ол өзінің визуалды әңгімелеу және бейнелеу әдісін дамытады.

Әсілі барлығы 16 жасар әуесқой фотографтың 1945 жылы сәуірде дүңгіршекте газет сатушы егде жастағы адамды суретке түсіргенінен басталады. Иә, бұл 16 жасар бозбала Стэнли еді. Осы фотосуреті арқылы алғашқы қадамдарын жасаған жас Стэнли бұдан кейін көптеген фоторепортаждарын жасайтынын сезбеген де шығар, кім білсін?!

«Мәдениет порталы» атақты режиссердің көлеңкеде қалған өнерін қазақ оқырмандарына таныстыру мақсатында бірнеше фотосуреттерін ұсынады. Мұнымен қоса, Стэнли Кубриктің фотосуреттері оның фильмдерін жақсы түсінуге мүмкіндік беретінін де ескерткеніміз жөн. Мархаббат! 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...