Айнаш Қасымның «Іңкәрлік» атты аударма кітабы жарыққа шықты

ӘДЕБИЕТ
3870

Шығыстанушы Айнаш Қасым Иранның жаңа дәуір әдебиетіндегі (1921-2011 ж.ж.) көрнекті жазушылардың әртүрлі тақырыпты қамтыған он төрт шығармасын парсы тілінен аударып, кітабын «Іңкәрлік» деп атады. 184 беттік жинақ «Асыл кітап» баспасынан шықты.

Заманауи стильде жазуды бастау арқылы Иранның жаңа дәуір әдебиетінің негізін қалаған жазушылар – Мұхаммед Әли Жамалзаданың «Әуезді парсы тілі», «Қаз кәуәбы», Садық Һедаяттың «Бұралқы ит», «Сынық айна», Бозорг Алавидің «Шабадан», олардың жолын жалғастырған кейінгі буын – Махмұд Етемадзаденің «Жылан моншақ», Расул Парвизидің «Менің көзілдірігім», Симин Данешвардың «Кімге сәлем берем?», Жалал Але Ахмадтың «Қытай гүлданы», «Бөтен бала», Баһрам Садықидің «Шырғалаң», Ғоламхосейн Саедидің «Тіленші», Махмұд Доулатабадидің «Айна», Голи Тарағидің «Анар Бану мен ұлдары» атты қазақ тіліне алғаш рет аударылған шығармалары бір ғасырға жуық кезеңдегі осы тілдегі әдебиеттің тыныс-тіршілігі мен жай-күйінен оқырманды біршама хабардар етеді.

Кітапқа алғысөз жазған Ермек Қаныкей: «... Айнаш Қасым шығармаларды қазақ оқырманына қазақыламай, қазақша аударып берген. Әуезовше айтқанда, «қазақтың тон, тымағын кигізбеген», - дейді. 

Кітап сөз өнерін сүйетін оқырманға арналған.

madeniportal.kz

author

Айнаш Қасым

ҒАЛЫМ

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...

Жаңалықтар

Бүгін, 6 желтоқсан күні доллар бірден 9,31 теңгеге арзандады, деп хабарлайды madeniportal.kz. ...