Табылған құнды құжат осы уақытқа дейін белгілі аудармаларды түпнұсқамен салыстыруға және жан-жақты з...
Ұлттық музейде халықаралық көрменің ашылуы өтеді
2021 жылғы 9 маусым күні сағат 16:00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Еуразиялық Дизайнерлер одағының халықаралық ретроспективті көрмесінің ашылуы өтеді.
Көрменің мақсаты – қазақстандық дизайнерлердің, суретшілердің еңбегін әлемдік нарыққа шығару, сондай-ақ, әлемдік қауымдастықта еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін ілгерілету.
Көрме аясында киім дизайны, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, сондай-ақ зергерлік әшекейлер көрмесі ұсынылады.
Еске сала кетсек, Еуразиялық Дизайнерлер одағының халықаралық ретроспективті көрмесі Азиядағы бірегей көрме болып табылады.
Аталған көрме EXPO және SHOW фокусында ұйымдастырылады.
EXPO-фокуста көрме экспоненттері стендтік кеңістікте өз бренді туралы мәлімдейді. SHOW-фокуста көрме экспоненттері жетекші дизайнерлердің соңғы коллекцияларын көрсетеді, оларға сәйкес қазіргі заманғы интерпретацияда инновациялық технологияларды енгізе отырып, киім сәніндегі заманауи үрдістерді баяндайды.
Іс-шараға Еуразиялық Дизайнерлер одағының өкілдері, сондай-ақ белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.