«Мысықтың суреті бар»: Ұлттық банк жаңа монетаны айналымға енгізбек

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
506

3 қазаннан бастап Ұлттық банк жаңа монеталарды интернет-дүкенінде сатылымға шығарады, деп хабарлады madeniportal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

 «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын (Үйіңде тыныштық болсын) монетасы жер бетіндегі бейбітшілік пен ошақ жылуын білдіреді. «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» деген сөздер адамдар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін, үй иелеріне тыныштық пен береке болсын деген тілектк айтылады», – делінген хабарламада.

Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бар. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның суретін де байқауға болады. Бұл монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.

«Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрлері үшін, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, майдалау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті», – деп жазды Ұлттық банк.

Монеталар Қазақстанның теңге сарайында жасалады.

Без категории

Күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан әйел 86 «Шымкент-А...

Шоу-бизнес

Мәдина Сәдуақасова сұхбат беріп, өз өміріндегі өкінішті сәттерін айтты, деп хабарлады madeniportal.k...