Павлодар облысы Аққулы ауданында кеме капитаны суға батып кетті. Оны іздеу жұмыстары жүргізілуде, де...
Нұр-Сұлтанда «Ән самалы» XVIII маусымының жабылу концерті өтті
Елорданың «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы «Ән самалы» атты XVIII маусымының жабылу концерті өтті.
Кештің мақсатыхалықтың дәстүрлі музыкалық ән мұрасын насихаттап жүрген өнер иелерінің осы маусымды қорытындылап, сонау Алтайдан Атырауға, Арқадан Жетісуға дейін жеткен қазақтың ән өнерін көрермен назарына ұсыну болды. Ән өнері – халық музыкасының ғасырлық мұрасы. Оның әсері адамзаттың рухани әлемінің баюы мен өзін-өзі қалыптастыруда өте маңызды екені сөзсіз. Әннің әлеуметтік-қоғамдық сипаты және оның тәрбиелік түсінігі шын мәнінде халық санасынан тыс қалған емес.
70-80 жылдардағы шыққан лирикалық дәстүрлі ән бағытында өтетін концертте: Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Нұрай Танабаев, Телман Нұркенов, Берік Омаров, Күнсұлу Тұрлыбекова, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Алуа Қалымбекова, Жандос Иманбай, Сәулежан Тағзия, Арафат Ысқақов, Айнұр Қонысбаева, Айгерім Нартүеева, Бейбіт Мұсаев, Данияр Мұқан, Айдос Оңғарбай, Жақсыкелді Маясаров, Нұржан Меирхан және «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, көрермендерге ғажап кеш сыйлады.