Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін түрлі бағдарламалар бойынша жұмыстар жасалып жатыр. &l...
Қайтыс болған Ерлан Нұрғалиевке "Халық Қаһарманы" атағын беру ұсынылды
Мәжіліс депутаттары "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевке "Халық Қаһарманы" атағын беруді ұсынды.
"Бүкіл қоғам берген антына берік ұстанып, мемлекеттік қызмет саласында жүріп, соңына дейін күресіп, қайтыс болған біздің қорықшыны мемлекеттік марапатқа ұсынуды сұрап отыр. Кейбір еріктілер оның есімін ұлықтау мақсатында қолында еліктің лағын ұстап тұрған суретінің негізінде ескерткіш орнатпақшы. Мұның барлығы халықтың өз батырын қалай құрметтейтінін көрсетеді. Сонымен қатар, браконьерлермен күрес жолында ерлік танытқан Ерланның әріптесі - Петр Ницык те марапатқа лайық деп санаймыз", - деді депутат Жамбыл Ахметбеков.
"Біз "Халықтық коммунистер" фракциясының мүшелері, қоғамның Ерлан Нұрғалиевке "Халық Қаһарманы" марапатын беруді және оның есімі мәңгі ұлықталу үшін жасалатын шараларды ұсыну ойын қолдаймыз. Ол өмірінің соңына дейін антқа берік болды. Ол өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болары сөзсіз", - деді Ахметбеков.
Еске салайық, 15 қаңтарда елордалық № 1 ауруханасында "Охотзоопром"ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы қайтыс болды. Браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспектордың бірі Петр Ницык оқиға жайлы айтып берді. ҚР Ішкі істер министрлігі "Охотзоопром"ӨБ" инспекторын өлтірді деген мемлекетаралық іздеу жарияланған күдіктілердің суретін жариялады. Осы дерекке қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Кісі өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған") бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр