Диана Құдайбергенова. Сырлыбектің " Қырғыз асуы"

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2487

«Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында «Мәдениет порталы» "Папирус" айдарын қазақ суретшілерінің арасында ұйымдастырып отыр. Әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Осыған дейін аталмыш айдарда Дәуренбек Бекназаров пен Санжар Сырғабаевтың және Аршын Қабылбектің жазған картиналары жарияланған болса, келесі кезекте порталды Сырлыбек Бекботаевтың шығармаларымен толықтырып отырмыз. Пікір иесі – Диана Құдайбергенова.

«Қырғыз асуы»  алғаш 2012 жылы Бішкек қаласында (Қырғызстан) жарыққа шықты. Екінші рет Алматыда 2014 жылы ArtBalFest  фестивалінде жүзеге асты.

Суретшінің өз сөзімен айтатын болсақ , инсталлияция «азаматтары отбасын асырау үшін өз елінен сыртқа кетуге мәжбүр болған» Қырғызстанның экономикалық және аяси проблемаларына арналған. Қырғызстанның еңбек мигранттарын жер шарының әр түкпірінен кездестіруге болады. Бұл – Өзбекстанда да , Тәжікістанда да орын алған жай. «Өз отбасыларын асырау үшін осы адамдарға – еңбек мигранттарына отбасыларының үміті мен сенімін ақтау үшін алыс-алыс жолдар мен асулардан өтулеріне тура келеді» деп сөзін жалғастырды Бекботаев. 

-«Осы уақытта Орта Азияны еңбекке жарамды азаматтарының 20 пайызы Ресейде жұмыс істейді, әрі бұл жылдан-жылға артып келеді. Бұл - мыңдаған отбасының аяғынан тік тұрып кетуіне мүмкіндік беретін жалғыз жол. Біреулер кеткендердің салған ақшасы есебінен байыса, кейбіреулер ештеңе де алмай, әрі қарай кедейліктің күйін кеше береді. Ал, жалғыз  асыраушысын шетелге жіберіп, мәйітін алғандар қаншама?! Кейбіреулер балаларының болашағы үшін жылдап үй бетін көрмейді, сонан кейін олармен ортақ тіл таба алмайды. Көптеген ресейліктер үшін көріксіз мигранттар тобының артында түрлі тағдырлар, кейде өмірлік қасіреттер, тіпті кейде, өте сирек жағдайда табыс  хикаяты тұрды» деп, суретші өз ойын қаяулы көңілімен тұжырымдады.

Инсталляция Евразиялық мңдениет альянсының қолдауымен жүзеге асырылды.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...