2023 жылғы 28 шілде күні сағат 16:00-де ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Суретшіл...
Шаттық Батан. Оралбектің суреттері көп адамға айна
«Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында «Мәдениет порталы» "Папирус" айдарын қазақ суретшілерінің арасында ұйымдастырып отыр. Әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Осыған дейін аталмыш айдарда Дәуренбек Бекназаров пен Санжар Сырғабаевтың , Аршын Қабылбектің және Сырлыбек Бекботаевтың жазған картиналары жарияланған болса, келесі кезекте порталды Оралбек Қабөкенің шығармаларымен толықтырып отырмыз. Пікір иесі – Шаттық Батан.
Қай уақытта да қай өнердің болмасын өз үні бар буыны болады. Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ өнеріне тегеуірінді буын келді. Өнерге деген шынайы махаббатпен, өзгеше ізденіспен. Солардың ішінде маңдайалды қаламгерлердің бірі осы Оралбек Қабөке. Бұл қаламгер композицияның шешімін қалай шығарса да ол жерде күрделі бір ой жатады. Айтар ойы бар шығармаларында бір философиялық деталь бар дүниелерді жасайды. Түспен де әртүрлі таңбалармен де көп ізденеді. Білуге, ізденуге құмар таланттың болашақта қазақ өнерінде өзінің шығармасымен, жазған картиналарымен аты қалады деп сенемін. Ол әлі де ізденіс үстінде әлі де жұмыстарын жасап жатыр. Тақырып аясы кең. Оралбектің суреттері көп адамға айна болады деп ойлаймын.
madeniportal.kz