Нұр-Сұлтанда Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды

Жаңалықтар
1591

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданында ұлт мақтаныштары Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі композитордың туындылары әлі күнге дейін тыңдарманын жоғалтқан жоқ. Н. Тілендиевтің «Аққу», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері мен «Құстар әні», «Куә бол», «Сарыжайлау» сияқты әндері әлі күнге дейін халықтың жадында сайрап тұр, ал Б. Шүкеновтің «Отан ана», «Жүрегімде Астана», «Джулия», «Твои шаги» сияқты әндері музыка өнеріндегі қайталанбас туындылар. 

Айта кетейік, мурал «Romul» ЖШС-нің бастамасымен Н. Тілендиев даңғылы, 38 мекенжайында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің қасбетіне салынды.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...