Облыс әкімі «ULYTAU» футбол клубының ұжымымен кездесті

Жаңалықтар
1061

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы «ULYTAU» футбол клубының басшылығымен және ойыншыларымен кездесті. Кездесу барысында футболшылар мен спорт өкілдері өңір басшысымен екінші лиганың біріншілігіне қатысуын және алдағы маусымға арналған міндеттерді талқылады.


«Ulytau» ФК өкілдерімен кездесуде Б.Әбдіғалиұлы жаттықтырушылар штабы мен футболшыларға алдағы ойындарда табыс тілеп, жергілікті билік өкілдері «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесіп клубқа қажетті қолдау көрсететінін атап өтті. «ULYTAU» ФК-ның алдында екінші лигадан бірінші орын алып, бірінші алдыңғы қатарға шығу мақсаты тұр. Сонымен қатар, Ұлытау облысының футбол қауымдастығы өңірде бұқаралық және балалар-жасөспірімдер футболын дамытатын болады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, футбол клубының капитаны Д.Сламбеков облыс әкіміне біздің өңірді бейнелейтін 20 нөмірлі атаулы футболка сыйлады.

Берік Әбдіғалиұлы әр футболшымен танысып, «ULYTAU» ФК басшылығымен команда мен жаттықтырушылар штабының алдында тұрған міндеттерді талқылады. Кездесу естелікке фотоға түсумен аяқталды.

Айта кетейік, екінші лиганың біріншілігі 18 сәуірде басталады. «ULYTAU» ФК бұл турнирді «Жетісу М» командасымен ойнай бастайды. Матч Талдықорған қаласында өтеді. 

2022 жылдың 20 қаңтарында Ұлытау облысының әкімдігі мен Қазақстанның футбол Федерациясы өңірде футболды дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Қауымдастық Президенті ретінде Kazakhmys Barlau Бас директоры Ғалым Нұржанов тағайындалды.

Жаңадан құрылған «ULYTAU» ФК-ның Бас директоры -–«Еңбек» құрамында ойнаған Талғат Байсуфинов, ал бас бапкері – Марат Еслямов, спорт директоры – Жезқазған футболының тәлімгері Виталий Ли.

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...