Ахмед Иүгінекидің афоризмдері

ӘДЕБИЕТ
3615

Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған. "Мәдениет порталы" ақынның артынан мұра болып қалған нақыл сөздерінің бір парасын оқырман назарына ұсынады. Мархабат!

***

Көрсетсе мейірбандық бейімделіп,

Шапағат сыйла сен де пейілденіп.

***

Жалған сөз – ауру, шаншудай,

Әділ сөз – шипа, жанға жай.

***

Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,

Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.

Есепті сөз – ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.

***

Қарапайымдылық — жасыл алқап.

Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.

***

Білікті білім жинап, кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып, өсіп өнер.

***

Кімнің досы жақсы болса, өзі де жақсы болады.

***

Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.

***

Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.

***

Білімсізге білікті сөз де парықсыз көрінеді.

***

Жарлының жалғыз байлығы - білім.

***

Бұ дүние - өнерліге өгей-ді,

Қамсыз адам өнері жоқ көбейді.

Өнер дәулет әкелмейді кісіге,

Сол-ақ қиын, сонда кімдер жебейді.

***

Әдептің басы - байқап сөйлеу.

***

Өнерлінің - өкініші көп,

Өнерсіздің - өкініші жоқ.

***

Бақыттың жолын білім ашар.

***

Кедейлік - кемдік емес.

***

Бақыт - көктемгі бұлт сияқты: көрген түстей, ұшқан құстай өтеді де шығады.

***

Бақытта баян жоқ - ұшқан құс тәрізді.

***

Таза жүрген жол таба алмай торығып,

Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер.

***

Заман емес - адам ренжітеді.

***

Сүйеуі бардың - сөзі де басым.

***

Жаман мінез жанға опа бермес.

***

Мың досты көп демегейсің,

Бір дұшпанды аз демегейсің.

***

Өмір тәтті - бүгін қолың жеткенде,

Удай ащы - ертең тастап кеткенде.

***

Сабыр ет, қуаныш күт - бәле келсе,

Күте тұр - қайғы, реніш ала келсе.

***

Дәрежең өскен сайын ұстамды болғайсың.

***

Жомарт бол! Жомарттық сені сүйкімді етеді.

***

Ойлы сөз - ұтқыр, ойсыз сөз - жұтқыр.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...