Осыдан тура 50 жыл бұрын... Жерұйық Жаңарқаның төріндегі Иманақ тауының баурайындағы Наурызбай ақсақ...
«Славян базары» байқауының жеңімпазы - Рухия Байдүкенова
Қазақ ұлтының тілдік бейнесінде сұлу әнге қатысты «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» деген өлең жолдары көрініс табады. Бұл ұлттық сөзіне айналған Абай хәкімнің өлеңінен үзінді. Кеше ғана халықаралық «Славян базары» ән байқауында жеңіс тұғырына көтірілген Рухияның дауысын естіген әр қазақтың тілінде Абайлың осынау өлең жолдары оықлғанына сеніміміз мол. Расында, Рухияның әсем әні «құлақтан кіріп бойды алған еді». Сонымен Рухия кім? Жарқ ете қалған жарық жұлдызымыз Рухияны қазақ қоғамы қалай таниды? Міне, осы және өзге де сұрақтарға "Азаттық рухы" сайтына сілтеме жасай отырып, жауап іздеп көрсек. Мархабат!
Әкесінің қызы – Рухия
Әкесінің аялап өсірген қызы Рухия Байдүкенова – 1998 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Вокалдан 9 жасынан, дәлірек айтсақ төртінші сыныптан бері айналысып келе жатыр. Ең алғаш музыка пәнінің мұғалімі Жанар Рыстыбаеваның айтуымен Серікжамал Әжібекованың дәрісханасында 7 жылдай тәлім алады. Тіпті Рухия өз сұхбаттарында «Мектептен қашып сол кісінің (С. Әжібекова. Ред.) қасына баратын кездерім де болатын» деп айтады. Осылайша, 7 жылдық білімін жүрегі мен ақылының үндескен тұсына ту етіп тігіп, Қазақ Ұлттық Өнер коледжінің эстрада вокал бөліміне оқуға түседі. Ал қазір бұлбұл-көмей әншіміз 4 курс студенті.
Рухияның отбасында әкесі, шешесі және әпкесі бар. Барлығы өте қарапайым. Түн ұйқысын төрт бөліп, аялы алақанына салып өсірген анасы орыс ұлтының өкілі болғанымен де, Рухияны қазақы тәрбиемен өсірген. Әкесі зауытта жұмыс істейді. Анасы үйде, әпкесі мемлекеттік қызметкер.
«Әнді сүйсең менше сүй»
Үйінің еркесі, әкесінің қызы Рухия бала күннен бастап әнге құмар болып өседі. «Тіпті ата-анама әнмен сөйлейтін күндерім де болатын» дейді Рухия өз сұхбаттарында.Отбасымен бірге «Евровидения», «Новая Волна», «Славян базары» сынды халықаралық жобаларды теледидардан жиі көретін Рухия өзінің күндердің бір күнінде сол байқауларға қатысатынын һәм жеңіске жететінін іштей сезетін. Тіпті бұл сезімін отбасы мүшелерінен де жасырмайтын. Бәлкім, сол кездегі бала жүрегі алдамаған да шығар. Міне, қазір біздің Рухия жеңімпаз! Қалың қазақ жеңіс тұғырына көтерілген Рухияның кіл болмысынан хәкім Абайдың жоғарыдағы өлеңнің үзіндегін оқыды: «Әнді сүйсең менше сүй». Иә, жеңіске жеткен Рухияның кіл болмысы «Әнді сүйсең менше сүй» деп өлең оқып жатты.
Жеңіс жолы
Халықаралық «Славян базары» ән байқауында жеңіске жеткен Рухия Байдүкенова бұған дейін аталған байқауға екі рет қатысқан. Екеуі де дәл осы үшінші реткі жеңіске деген дайындық іспеттес. Өз сұхбаттарында «Әр адамның өз жұлдызы туатын уақыт келеді. Мысалы, біріншісіндеӘділхан Макин, екіншісінде Бексұлтан Кенішқалиевтің жұлдызы жанды. Үшіншісінде, міне, біздің де айымыз оңынан туды. Ерте де, кеш те емес. Бәрі өз уақытысымен деп ойлаймын» дейді жеңімпаз ару.
Үшінші рет өз бағын сынаған Рухия Роза Рымбаева бастаған Бейбіт Оралова қоштаған Нағима Есқалиева, Толқын Забирова, Әміре, Алишер Каримов сынды қазылар алқасының оң шешімімен «Славян базары» конкурсының іріктеуін кезеңінен өтеді. Міне, осылайша, ешқандай дүниенің кездейсоқ болмайтынын ұғынған жеңіспазымыз өз бойынша ерекше сенімділік пайда болады: «Мен жеңемін!»
Қалың қазақтың бар үмітін арқалап Белоруссияға аттаған Рухия қазылар алқасының құрамында әнші Димаш Құдайбергеновтың да бар екенін біледі. Бірақ бұл жаңалық Рухияға қуаныштан гөрі, қобалжу сезімін көбірек сыйлады. Себебі Димаш көтерген қазақ өнерінің деңгейін әлем алдында қайта дәлелдей тұрды. Өз сұхбаттарында «Димаш ағаның қазылар алқасында отыратынын білдім. Бойымда үлкен жауапкершілік болды. Өйткені Димаштың көтерген деңгейін төмендетіп алмауым керек болды. Тіпті соңғы үш айда осы үшін дайындала бастадым» дейді Рухия.
Жеңістен кейінгі Рухия
Жеңістен кейін әнші қызымызға құттықтау хаттар мен хабарламалар, журналистік сауалдар, қоғам қайраткерлерінің жылы лебіздері т.т. көптеп келіп жатты. Ал олардың ішіндегі ең маңызды, әрине, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаеватың құттықтауы болатын.
Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.
Жеке бастың пайдасынан гөрі, ұлттық қамын көп ойлайтын, тіпті бар шығармашылығымды қазақ халқының пайдасына сарп етем деген бұлбұл-көмей әншіміздің алар асуы, шығар белесі әлі алды. Халқының қамын, елінің ертеңін ойлайтын Рухия «Бұдан әрмен де халыққа пайдамды тигізгім келеді. Осындай байқаулар арқылы кіл адамзатқа қол ұшын созар азаматша болуды армандаймын» дейді бір сұхбатында.
Талай жанның арманына айналған, талайлардың қолы жетпеген халықаралық «Славян базарының» бас жүлдегері Рухия Байдүкенова қазақ үшін ұлт өнерін әлемге паш еткен жеңімпаз әнші. Жеңісіңіз құтты болсын, әкесінің қызы!