М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында Б. Брехтің “Кураж шешей және оның...
Уақыт пен кеңістік сыртында немесе ішінде
Постмодернистік қоғамда аялдама дейтін ұғым жоқ. Тіпті оған мағыналық жағынан сәйкес келетін мекен де жоқ. Айналамызда не болып жатқанынан яки не болатынынан бейхабармыз. Себебі мына әлем бізге ойлануға мүмкіндік бермейді. Бұл әлем - ойсыз әлем. Мысалы, кеше ғана орын алғандай болып көрінетін кей оқиғалар шын мәнісінде мыңдаған, жүздеген, тым құрығанда ондаған жылдар бұрынғы оқиғалар болуы мүмкін немесе керісінше. "Мәдениет порталы" әсілі уақыт пен кеңістіктің ішінде болған, бірақ адамдар үшін сыртында болғандай сезілетін уақыты бір мекені бөлек оқиғалар тізбегін ұсынады. Мархабат!
1940 жылы Освенцим концлагерінде соғыс тұтқындары үйіліп жатқан уақытта АҚШ -та бірінші McDonald's ашылды.
1971 жылы швед әйелдері сайлауда дауыс беру құқығына ие болды. Ал дәл осы жылы Америка Құрама Штаттары ғарыш қондырғысын айға қондырған болатын.
Джордж Вашингтон 1799 жылы қайтыс болды, ал алғашқы динозавр қалдықтары 1824 жылы табылды. Демек Вашингтон ешқашан динозаврлардың бар екенін білмеген деген қорытынды шығады.
Египеттіктер пирамидаларын салып жатқан уақытта жер бетінде мамонттар болған. Ғалымдардың айтуынша, бұл жануарлар біздің эрамызға дейінгі шамамен 1650 жылға дейін өмір сүрген, ал пирамидалар біздің эрамызға дейінгі 2630-2611 жылдары салынған. Міне, парадокс.
Мэрилин Монро мен патшайым Елизавета бір жылы - 1926 жылы дүниеге келді. Олар 1956 жылы қазанда Лондонда фильм премьерасында кездескенде 30 жаста еді.
Оксфорд университеті жүздеген жылдар бойы студенттерге білім беріп келе жатқан іргелі оқу орны. Ең қызығы, 1428 жылы білім ордасының негізі қаланған уақытта Ацтектер өз империясын енді ғана құрып жатқан еді.
Чарли Чаплин мен Адольф Гитлер бір жылы - 1889 жылы дүниеге келді. Кейін Чаплин «Ұлы диктатор» (1940) сатиралық фильмінде Гитлердің рөлін сомдады.
«Майкрософт» компаниясы 1975 жылы құрылды. Ең өкініштісі, бұл уақытта Испанияда әлі фашистік диктатура болатын.
Римдік Колизей біздің заманымыздың 80 жылы ашылды. Бұл шамамен Лұқа Інжілі мен Апостолдардың Інжіл кітаптары жазылған уақыт.