Өз кезеңінің әсер, ықпал еткен жайларына өз көзқарасы мен пікірін білдіру әр қаламгердің бойына бітк...
Жанғали Жүзбайдың "Ақсақ құлан" атты кітабы
Кетбұға (шамамен 1150 – 1225) – жырау, күйші, аты аңызға айналған тарихи тұлға, Алтын орданың ұлы жыршысы, Жошы Ұлысының іргесін қалаған саяси қайраткер, Алтайдан Дамашыққа дейін әмірі жүрген би, Полистаинды бағындырған абыз. Қобыз бен домбыра күйлерінің ұлыстық мектебінің негізін салған күйші, ұрпаққа ұлағатты сөзі қалған ойшыл. Кетбұға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер "Шадтжарат әл-атрак" (Түркі шежіресі) кітабы және қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, орыс, парсы, араб, қытай, мұңғыл дереккөздерінде кездеседі. Бұл жинаққа Кетбұға күйші мұрасының ноталары мен аңыздары топтастырылған, жинаққа енген туындылардың аудиожазбасы да қосымша құрал ретінде ұсынылады.
Кітап «Қазіргі заман музыкасы» жобасы бойынша ҚР білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті 2012-2014 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалармен жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде шығарылып отыр.