Аузы бардың бәрі әнші. Дауыстың керегі жоқ. Тіпті үй жануарларының да дауысын жазып алып, музыкамен...
Ерназар Жұбан бірінші орынды қанжығасына байлады
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
"Славян базары Витебск-2024" фестивалінде "Витебск-2024" эстрадалық әннің жас орындаушылары арасында қазақстандық Ерназар Жұбан бірінші орынды қанжығасына байлады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.zakon.kz сілтеме жасап.
Байқау 2024 жылдың 14 шілдесінде өтті.
"Белта" басылымының жарияланымында атап өтілгендей, Жұбан "Подберу музыку" композициясын орындап, көрермендер мен қазылар алқасын өз өнерімен баурап алды. Оған мүмкін 70 ұпайдың 69-ы берілді.
"Мен алтыншы жыл қатысудамын және бұл соңғы жыл. Қатарынан алты жыл бағымды сынадым. Менің ойымша, биыл менің жылым-құпиясы осында", – деді Ерназар Жұбан.
Нәтижесінде екі номинация бойынша үздік ұпайды екі қатысушы – Ерназар Жұбан мен молдавалық Каролина Балан жинады – 133 баллдан (69 + 64 және 67 + 66).
Wellnews.ru ақпаратынша, жеңімпазды анықтауда қазылар алқасы спорттық тілмен айтқанда, қазылар алқасы төрағасының бағалауын қолданды (Биыл – Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева).
Төраға өз бағасын Молдавалық Каролина Баланға берді.
Гран-При мен "Лира" арнайы сыйлығының және 20 мың доллар ақшалай сыйлықтың иегері Каролина Балан атанды.
Бірінші орын (15 мың доллар ақшалай сыйлықпен) және "Лира" арнайы жүлдесі Ерназар Жұбанға берілді.
Байқау аяқталғаннан кейін Жұбан Instagram парақшасында әсерлі жазба қалдырды.