Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен...
Қаламгер Азаматтың (Қанат Тілепберген) тəржімалары
Қанат Тілепберген тəржімалаған қаламгерлердің новеллаларында: сатқындық, дүниеқоңыздық, екіжүзділік, кедейшілік, мансапқ ұмарлық, кек, жалғыздық, жезөкшелік, қулық, алаяқт ық, мейірімсіздік, менмендік, арсыздық, парақорлық, іштарлық сынға ұшырап, əжуаланған. Француз жазушысы Ги де Мопассанды өз тіліне аудармаған мемлекет кем. Мопассанның франция шекарасынан тыс жерде əйгілі болуы да заңдылық. Грузин жазушысы Реваз Мишвеладзенің новелла кейіпкерлерінің тағдыры қым-қуат. Трагикомедия тұрғысынан шебер берілген, кейіпкерлерінің психологиясы ашылған. Харуки Мураками Жапонның талғампаз қаламгері. Оның новеллалары авторды əлемге əйгілі етті. Америка жазушысы Уильям Сароянның кейіпкерлері көбіне қарапайым жəне бақытсыз адамдардар құралған. Испанның бір топ жазушыларынан тəржімаланған новеллалар испан халқының мінезінен сыр шертеді. Кітап көпшілік оқырманға арналған.