Француз актері Жан Поль Бельмондо дүниеден озды

Жаңалықтар
1408

Француз актері Жан Поль Бельмондо өмірден озды. Бұл туралы оның адвокаты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Euronews агенттігіне сілтеме жасап.  

88 жасында бақиға аттанған  Жан Поль Бельмондо 1933 жылдың 9 сәуірінде Париж маңайындағы Нёйи сюр-Сен деген жерде дүниеге келген. 

Ол алғаш рет режиссер Жан Люк Годардың «Соңғы дем» (1958 жыл) атты фильмінде ойнап, сол арқылы көпшілікке кеңінен танымал болды. 1959 жылы Бельмондо Витторио Де Сиктің «Чочара» фильмінде басты рөлді сомдап, америкалық Оскар киножүлдесін иеленді. Әртіс көбінде Жан Люк Годар, Луи Маль, Франсуа Трюффо, Клод Шаброль секілді «жаңа толқын» режиссерлерінің фильмдерінде ойнаған. 

Сондай-ақ коммерциялық жобаларда да жиі бой көрсетіп жүрді. 1971 жылы ол өзінің Cerito атты кинокомпаниясының негізін қалады. 2001 жылы инстульт алған Бельмондо театр мен кинодағы жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. 2019 жылдың 14 шілдесінде Франция құрмет легионының орденімен марапатталған.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...

Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлш...