Сәулет Бақыткелді Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Текес ауданында дүниеге келген. Жапонтанушы, кәсіпкер...
Түркияда өткен халықаралық байқауда қазақстандық ансамбль 1-орын алды
Батысқазақстандық «Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамблі 22-26 сәуір күндері аралығында Түркияның Измир қаласында өткен «International Foça Forgotten Children Games and Dance Festival» халықаралық фестиваль-байқауында бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Аталмыш байқауға Әзербайжан, Болгария, Румыния, Грузия, Македония, Косово, Босния және Герцовина, Грекия, Сербия, Молдова, Украина, Түркия, Қазақстан елдерінен мыңға жуық бала қатысып, бақ сынаған.
«Қыз Жібек» ансамблін 2011 жылы белгілі әнші-термеші, сазгер, ұстаз, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Баян Қабиева Казталов ауданы Жалпақтал ауылында ұйымдастырған. Ансамбльге Баян Құбайқызымен бірге оның ұлы Асылхан Болтанов жетекшілік етіп келеді. Қазіргі уақытта құрамында 30 қыз бала (үлкен және кіші топ) болса, репертуарда отызға тарта ән, терме бар. Қазақтың төл өнерін насихаттап қана қоймай, татар, орыс, қырғыз, түрік халықтарының әндерін де орындайды.
Сурет: дереккөз