Броконьерлер мемлекетке 2,3 млрд теңгеге зиян келтірді

ҰҚК

Жаңалықтар
633

ҰҚК Шекара қызметі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 мамырына дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында оларға іргелес жатқан аумақтық суларда Каспий теңізінде «Бекіре-2024» балық қорғау акциясын өткізді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Мәдениет порталы хабарлайды.   

Акция нәтижесінде 90 аумақтық және ішкі су режимін, 72 шекаралық режимді бұзушылар және 69 жүзу құралдары ұсталды.

Көптеген браконьерлік аулау құралдары, оның ішінде 263 км-ден астам торлар мен 20 мың ілмектер тәркіленді.

Табиғи мекендеу ортасына 1 085 бекіре тұқымдас балық (салмағы 5 536 кг), 65 474 ұсақ тұқымдас балық (салмағы 52 571 кг), сондай-ақ 67 итбалық жіберілді.

Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден асты.

Қазақстанның 3 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық істер қозғалды.

Мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланады.  

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...