«Шарықтау шыңыма шықтым да жан-жағыма көз салып тұрып шошып кеттім: айналамда ешкім жоқ...&raq...
Қарағандылық жазушы шаһардың мәдени өмірі туралы бес томдық кітап шығарды
ҚР Журналистер одағының мүшесі Наталья Инжевская «Менің қалам» сериясымен Қарағандының мәдени өмірі туралы бес кітап шығарды. Бес томдық кітапта автордың 2009 жылдан бергі журналистік мақалалары бар, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Наталья Инжевская Қарағандыда ақын және жазушы ретінде ғана танымал емес. 10 жылдан астам уақыт бойы ол бірнеше газеттердің тілшісі болды. Оның мақалаларының тақырыбы облыс орталығының мәдени іс-шараларына қатысты болды, шығармашылық ұжымдармен және қазақстандық жұлдыздармен сұхбат жазды.
«Бес томдық кітап – бұл менің журналистік қызметімнің қорытындысы. Мен Қарағандыда дүниеге келдім және осы уақытта осында тұрамын. Барлық мақалалар мен фотоларды сақтау бір бөлек, ал оларды біріктіру мүлдем басқа шаруа. Бұл соңғы 10 жылдағы біздің облысымыздың мәдени оқиғалары туралы естеліктің бір түрі», – дейді ол.
Кітаптардың арасында ең көлемдісі «Музыканың таңғажайып дыбыстары» болды. Ол Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікке арналған. Наталья Инжевская ешкімді назардан тыс қалдырмады. Кітапта облыстық филармонияға кіретін барлық шығармашылық ұжымдар туралы мақалалар жинақталған.
«Маған бірлестікпен шақырылған танымал орындаушылардан, дирижерлерден, музыканттардан сұхбат алу сәті түсті. Конферансье Людмила Гольскаяның айтуынша, бұл 80 жылдан астам уақытта концерттік бірлестік туралы жазылған алғашқы басылым», – деп атап өтті автор.
«Книжкин дом» Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы туралы әңгімелейді. Наталья Инжевская бұл мекемемен ұзақ уақыт достық қарым-қатынаста болды. Алғаш рет автор кітапханаға 5 жасында келген. Жылдар өткен соң кітапхананың жас оқырмандары үшін өткізетін іс-шаралардың тұрақты қонағы болды.
«Бұл тақырыптық кездесулер де, фестивальдер де. Мен кітапхана қызметкерлері өткізген конкурстардың қазылар алқасының құрамына жиі кіретінмін. Онда балаларды жақсы көретін және өз ісіне шын берілген тамаша адамдар мен кәсіпқойлар жұмыс істейді», – дейді жазушы.
«Органные изыски» кітабы Қарағанды Соборында өткен органдық концерттер мен фестивальдер туралы баяндайды. Наталья Инжевскаяның айтуынша, Қарағанды көрермендерінде тамаша мүмкіндік туды: шіркеудің жұмыс істеген уақытында оған бүкіл әлемнен танымал музыканттар келіп, өнер көрсетті.
«Талант және оны жүзеге асыру» еңбегі – қаланың шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылар туралы мақалалар жинағы. Мұнда сіз el Corazon фламенко студиясы, «Волшебная страна» балалар тобы, «Трайбл» би студиясы және басқалар туралы оқи аласыз.
«Құбылу өнері туралы» кітабы Қарағандыға келіп, өнер көрсеткен фестивальдер мен театр ұжымдары туралы баяндайды. Олардың арасында Astana Ballet, Абай атындағы МАОБТ, Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры бар.
Басылым қала кітапханаларына сыйға беріліп, шығармашылық ұжымдар мен мәдениет мекемелеріне таныстырылды.
Бес томдық кітап барлық жастағы оқырмандарға арналған. Бұл туынды тек облыс тұрғындарына ғана емес, Қарағандының мәдени өміріне қызығушылық танытқандарға да қызықты болады.