Ажар Ғиният Ұлттық балаларды оңалту орталығын басқарады, деп хабарлайды madeniportal.kz.Фотосурет: p...
VI Байқоңыр халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті
Кино өнерінің белгілі бір кезеңдегі табысы мен даму бағытын айқындап, киногерлер байланысын нығайтып, өзара тәжірибе алмасу мақсатында әр елде кинофестиваль өткізіліп тұратыны хақ. Қазақстан – Орта Азия аумағындағы кинофестивальдер ең көп шоғырланған мемлекеттердің бірі. Әсем қаламыз Алматы күні мерекесіне тұспа-тұс ұйымдастырылатын кинофестивальдердің бірі – қысқаметрлі фильмдерге арналған Байқоңыр Халықаралық кинофестивалі.
Baiqonyr ISFF – биыл алтыншы рет өтті. Өнер мерекесі 2 бағдарламадан тұрды:
- Негізгі конкурс (ойын және деректі халықаралық қысқаметражды кино);
- Ұлттық конкурс (ойын, деректі, анимациялық қысқаметражды кино).
Жас мамандарға жол ашқан кинофестиваль аясында ұлттық байқауға 180 жоба ұсынылып, соның ішінде 23 фильм додаға түсті. Халықаралық кинокөрсетілім конкурсында ТМД елдерінен 13 фильм қатысты. Білікті киномамандардан тұратын қазылар алқасы «ұлттық конкурс» пен «халықаралық конкурсқа» түскен фильмдердің үздігін анықтады.
Биылғы жылы халықаралық қазылар алқасын Ресейден келген киносыншы, МТКФ Ресей Халықаралық кинофестивалінің қысқа метр байқауының іріктеушісі – Андрей Щиголев басқарды. Онымен бірге ұлттық конкурстың жеңімпаздарын ФИПРЕССИ және НЕТПАК мүшесі Гүлбара Толомушева (Қырғызстан), киносыншы Адиля Хайбуллина (Татарстан), продюсер Дина Жұмабек, дыбыс режиссері Денис Коноплев, қоюшы оператор Едіге Несіпбеков, жас режиссерлер Кристина Михайлова және Иван Ардашов таңдады.
Ал халықаралық байқаудың жеңімпаздарын «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Айдархан Әділбаев (қазылар алқасының төрағасы) бастаған қазылар алқасы анықтады. Оның құрамына кинотанушы, киносыншы Инна Смаилова, продюсер Серік Әбішев және актриса Қарлығаш Мұхамеджанова кірді.
Жеңімпаздардың тізімі:
Ұлттық конкурс:
- «Үздік фильм» – «Товарищ полицейский» – Асель Аушакимова, Жанна Утарбаева
- «Үздік режиссер» – «Түйме» – Нұрбол Ерболұлы
- «Үздік сценарий» – «Граната» – Далер Мурзагалиев, Талгатбек Абишев
- «Үздік оператор» – «Товарищ полицейский» – Сардар Баймолдин
- «Үздік актер» – «Граната» - Марат Абайдильда
- «Үздік монтаж» – «Көше ақыны» – Гүлжан Серікбай
- «Үздік деректі фильм» – «Микеланджело из Тараза» – Рүстем Дастанұлы
- «Үздік анимациялық фильм» – «Не выходя из комнаты» – Амина Тазиатова
Халықаралық конкурс:
- Гран-при – «Новогодний поросенок» – продюсер Карина Симонян (реж. Александр Багдасарян) – Армения
- «Үздік режиссура» – «Простите, что опоздали» – Лука Берадзе – Грузия
- «Үздік оператор» – «Парамнезия» – Александр Кузнецов - Ресей – Әзірбайжан – Қазақстан
- «Үздік сценарий» – «Мечта» – Чингиз уулу Самудин – Қырғызстан
- «Үздік әйел рөлі» – «Простите, что опоздали» – Като Калотазишвили – Грузия
- «Үздік ер адам рөлі» – «Новогодний поросенок» – Aрег Геворгян – Армения
- «Арнайы жүлде» – «Вторжение» – Данте Рустав – Өзбекстан