Алма - Алматының алтын тәжі

ӘДЕБИЕТ
2482

 

Асан Қайғы Алатауға келгенде:

Түні суық, күні ыстық жер даласы,

Ананың емшегіндей сай саласы.

Төрт елі топырақ асты алтын екен,

Ішпей-жемей тоятын айналасы,-депті.

Сол Асқарлы Алатау баурайында жайнаған, әсем Алматымның сұлулығы ғажап   ғой, шіркін... Көркіне көз тоймайтын,  табиғаты көркем, қойнауы асып-тасыған берекелі, мерекелі сұлу қаламыз  қаламыз құдды бір  жерұйықтай. Тіліміздегі «Алматы», «Көкбекті», «Теректі», «Қарағайлы», «Қайыңды»,  «Боранды», «Егінді», «Желді» т.б.с.с ұғымдардың – «ты», -«ті», -«ды», -«ді» -«лы», -«лі» қосымшаларының жалғануынан заттың мәннен сын – сипаттық мағынаға ие болып тұрғанына көңіл аудармай қоя алмаймыз. Бұл құбылыс, әсіресе Алматы туралы ой толғағанда , алдан шыға береді. Алматы қаласының орнаған жері алманың отаны яғни алмалы аймақ екеніне меңзейді. Алматының туындай асқақтаған оның тауларында, шынында да, алма көп өскен. Басы - қар,  беткейі –алма. Алатаудың жабайы алмаларынан халық келе-келе мәдени қол алма шығарып алған. Қорғауы – бүтін, күтуі- бабында, апорт  алмалардың салмағы 500-800 граммға дейін жеткені тарихи аян. Британдықтар ұзақ өмір сүргің келсе, күнде ұйқы алдында бір алма жеп тұруды ұсынады екен. Ондай қуат пен құнар өзіміздің алматылық алмада артық болмаса кем емес. Алма адамзат өмірінде Адам ата мен Хиуа Ананың ең алғашқы дәмі болғаннан бері құрметте. Біздің Алматыда ол – қаламыздың брендісі. Қайсыбір жылы Алматыға атбасын тіреген араб туристерінің бірі «Жерұйықты  о дүниеден іздеп жүрсек , жер жәннаты Алматы екен ғой!» дегенде Алматымыздың дәмі нәрлендіріп, тілін қытықтап тұрса керек. Алматының алмасы- Алматы қаласының «Қала күні» атаулы мерекесінің де алтын тағы. Жыл сайынғы жәрменкенің төрінде Алматы апорты алаулайды емес пе! Алматы күні ең алдымен Алматы алмасының күні! Наурыз мерекесінде наурыз көже қандай мереке мен ырыс ретінде ұсынылса, Алматы күнінде алмамыз да сондай ырымдық  қасиетке ие. Тәуелсіздік туын тіккеніне отыз жыл толу мерейтойы қарсаңында мерекеленіп отырған Алматы күні осынау алма құндылығымыздың деңгей дәрежесіне сын. Бұл алма күні де болып, Алматы апорты кеңінен насихатталады. Алматының халқының көңіл күйі де, сәні де алмасындай тартымды нұр жайнап ерекшеленеді. Қаламыздың жыл өткен сайын әлемдегі көркем де қуатты қалалар қатарында жан-жақты даму биігінде келе жатса, алқызыл алмамыздың да сол арнаға құйылып жатқан байлығымыз әрі қаланың алтын тәжі болып табылатыны әр алматылықтың мақтаны!

Биылғы Алматы қаласы күні ерекше жылы- Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толу мерейтойы жылына,  Алты Алашқа әйгілі, Қазақ өнер тарихында ойып алар өзіндік орны бар композитор, ақын Мұхит Мерәліұлының 180 жылдық мерейтойына мерекеленіп отыр. Алматы -  өнегелі өнер ордасы екені хақ.  Осы орайда дәстүрлі өнерді дәріптеп, шарықтау шегінде шалқытып жүрген  «Алатау» дәстүрлі өнер театрының»  қанжығасында қала күніне біршама тартуы бар. 

18.09.2021  «Алматы сіздермен бірге! » Онлайн концерт 

20.09.2021 ВЕДЕО құттықтау! «ҰЛЫТАУ»

20.09.2021 Айтыс. Онлайн

20.09.2021 «Жұмыр қылыш» онлайн концерт «Ұлытау» тобы

20.09.2021 Кино «Almaty Film Days» Алматы қаласында түсірілген  кинофильмдердің тегін көрсетілімі 

«Тақиялы періште»

«Қош бол,Медеу! » 

«Біздің сүйікті дәрігер » 

«Районы »

21-24 қыркүйек  «Сүймеуге болмайтын қала» фото-көрме

24.09.2021 Премьера «Ән-Мұхит»

Қәдірлі Алматылықтар, мереке құтты болсын! Тартуымызды қабыл алыңыздар!

Разида Тоқтарбекқызы

«Алатау» дәстүрлі өнер театры

Ақпарат және маркетинг қызметін дамыту бөлімінің редакторы

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...