Танымал актриса Наталья Аринбасарова 75 жасқа толды!

КИНО
2420

Бүгін кеңес дәуірінің танымал актрисасы Наталья Аринбасарова 75 жасқа толды!

Наталья Аринбасарова 1946 жылы 24 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келген. Ол академиялық хореографиялық училищеде оқып, кейін ВГИК-қа оқуға түсіп, оқуын 1971 жылы тәмәмдаған.

1964 жылы режиссер Андрей Михалков-Кончаловский Шыңғыс Айтматовтың романы бойынша түсірген «Алғашқы ұстаз» фильмінде басты рөлді сомдайды. Осы рөлі үшін Венеция кинофестивалінде «Вольпи алтын кубогын» алған. 

1969 жылы «Жәмила» фильмі жарыққа шықты. Аталмыш туындыда дарын иесі басты рөлге бекітіліп, кейіпкерін жоғары деңгейде сомдаған. Түсірілімге дайындалу үшін Наталья атқа отырудан арнайы сабақ алып, көптеген трюктерді өз бетінше орындаған.

Қазақстандық киносүйер қауым Наталья Аринбасарованы ұлттық кинодағы классикалық туындылардың бірі саналатын режиссер Мәжит Бегалиннің «Мәншүк туралы ән» әскери драмасынан жақсы таниды. Андрей Михалков-Кончаловский фильмнің сценарийін актриса үшін арнайы жазған. Сондықтан да Орынбасарова батыл пулеметші рөлін жоғары жауапкершілікпен ойнап, Мәншүк Мәметованың бейнесін сенімді түрде сомдаған.

Сондай-ақ, Наталья Аринбасарова «Транссібір экспресі» фильміндегі  Айжан бейнесін де сәтті бейнелеген. Осылайша кино жұлдызға айналған танымал актриса экранда әр түрлі кейіпкерлерімен көрерменнің жүрегін жаулады. Солардың бірегейі «Балалық шағымның аспаны» фильмнідегі елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарт анасын бейнелеген ана образы.   

Наталья Аринбасарова өз заманында танымал болған көрнекті режиссерлердің жобаларында ойнаған. Бүгінде оның қатысуымен түсірілген көптеген жобалар алтын қорға енгізілді. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...