Иранның әлемге танымал кинорежиссері Аббас Киаростамидың 1995 жылы ақпанда Вашингтондағы Америка кин...
Қазақстандағы жемқорлық жайлы фильмді Netflix пен Amazon-да көрсету үшін келіссөз жүріп жатыр
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы экшн-фильмді жарыққа шығарады. Продюсерлердің айтуынша, «Жаза» кинокартинасы кинотеатрларда ғана емес, әлеуметтік желі арқылы да нарықты дүр сілкіндірмек. Фильмнің режиссері – Дархан Төлегенов, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Продюсер Максим Акбаров басқаратын Golden Man Media шығармашылық тобы фильм өндірісімен айналысып жатыр.
«Бұған дейін фильм жарнамасына қатысты жұмысты тек өзіміз атқаратынбыз. Қазір киноны дамыту орталығы тарпынан қолдау бар, бұл – біз үшін үлкен көмек. Сейлз агент (sales agent) ретінде «Ниет» деп аталатын қазақстандық компанияны жұмылдырдық. Ондағы мамандар американдық QED International кинодистрибьюторымен серіктестік орнатып, Бред Питт ойнаған «Қаһар» және атақты «№9 аудан» фильмдерінің сатылымымен айналысқан болатын. Енді QED International біздің фильмге қызығушылық танытып отыр. Қазір барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Netflix, Amazon, HBO және Peacock сынды әлемдегі негізгі стримингтік платформалармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің фильм жарыққа шыққан соң екі тараптың қауқарын көрсете алатындай нарықты дүр сілкіндіруі керек», – дейді Максим Акбаров.
Көрермен кинокартинаны үлкен экрандардан биыл күзде тамашалайды.
Қазір саундтректерді танымал артистер жазып жатыр, олардың есімдері фильмнің прокаты қарсаңында жарияланады.
«Фильмдер табысқа жетіп, қаржы әкелуі керек. Өкінішке қарай, шығармашылық топтардың кейбірі түсірілім жұмыстары аяқталғаннан кейін киноны қалай жарнамалап, жарыққа шығару қажет екенін немесе стримингтік платформаларға қалай ұсынуға болатынын білмейді. Сондықтан питчингтен кейін біз прокатқа шығару тетіктері мен халықаралық нарыққа қалай шығуға болатынын түсіндіру үшін кинематографистерге арналған тренингтер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Нарықта кинопродюсерлердің тапшылығы сезіледі», – деп атап өтті Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Құрманбек Жұмағали.
Жанат Қапалбаева