Жазушы Заман Төлеуов қайтыс болды

ӘДЕБИЕТ
2344

Қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет сыншысы, "Мәдениет порталының" ең алғашқы редакторларының бірі, қадірлі көкеміз Заман Самалбекұлы Төлеуов өмірден өтті.

Төлеуов Заман Самалбекұлы –  1949 жылы 10 шілдеде Андрееев ауданы (қазіргі Алакөл) ауданы, Қызыләскер ауылдық кеңесіне қарасты Тастұма ауылында дүниеге келген.  

«Сарқан» аудандық газетінде қазақ бөлімінің редакторы, «Алайда» ақпараттық газетінің бас редакторы, К.Қазыбаев атындағы Қойлық ауылдық мәдениет үйінің директоры, «Ұлағат» қоғамдық қорының төрағасы қызметтерін атқарған. Өлкетанушы. «Қойлығым құтты мекенім» атты тарихи-танымдық және бірнеше әдеби кітаптардың авторы.  

2007 ж. «НұрОтан» ХДП-сы төрағасы Н. Назарбаевтың «Алғыс хаты» алған. Облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан бірнеше мәрте ақшалай-заттай және марапат қағаздарына ие болған.

М.Тынышпаетың 130 жылдық мерейтой медалінің иегері. 2007 ж. Алматы облысы әкімінің журналистика саласы бойынша байқауының жүлдегері.

2017 жылғы халықаралық «Үздік адамдар» бағдарламасы энциклопедиясының номинанты.

2017 жылы «Ауылым – алтын тұғырым» республикалық әдеби байқауының "Үздік драматургия номинациясы" бойынша II-і дәрежелі диплом иегері.

Өмірдің өзіндей қарапайым да нұрлы талант иесі, қазақ жазушысы Заман Төлеуовтың жарқын бейнесі жүрегімізде сақталады. Иманыңыз саламат, жаныңыз жәннатта болсын, ардақты көке. "Мәдениет порталы" марқұмның отбасына, әріптестеріне, қалың оқырмандарына қайғырып, көңіл айтады.

madeniportal.kz

author

Заман Төлеуов

ЖАЗУШЫ

Мемлекет басшысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Айтулы күнде мемлекет ба...

Жаңалықтар

Шымкентте асырап алған балаларына мал бақтырып, иттің етін жегізген ер адам сот алдында жауап береді...