Министр киікті аулап ұстауды ұйымдастырған жөн деп есептейді

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
520

 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров киік санын реттеуге қатысты пікір айтты. деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

«Киік саны артып келеді. Қалай болғанда да, оны реттеу керек деп ойлаймын. Оларды атудың қажеті жоқ, бұл тұрғыда киікті аулап ұстауды ұйымдастырған жөн. Ет комбинаттарымыз дайын, стандарттар әзірленді, яғни жұмысты жүзеге асыра аламыз. Мен киікті ату жайында ештеңе айта алмаймын. Біз торлармен аулау туралы айтып отырмыз», - деді А.Сапаров Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, алдағы уақытта егістіктерге киіктерді өткізбейтін арнайы қоршаулар орнату мәселесі талқыланбақ.

«Қазір киіктер келтірген зиянды анықтайтын әдістеме әлі әзірленген жоқ. Ол әзірленсе де, жеңілдікті несие мен субсидиялау бойынша сұрақтар бар, яғни бюджет шексіз емес. Сондықтан бұл тұрғыда ойлануымыз керек. Бірер аптадан кейін біздің вице-министріміз және Экология министрлігінің өкілі Батыс Қазақстанға барады. Сонда қоршау торларын немесе басқа да қорғау іс-шараларын субсидиялау тақырыбын талқылаймыз», - деді министр.

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...