Қаллеки театры дәстүр бойынша М.Әуезовтың «Абай» қойылымымен жаңа маусымның шымылдығын түреді

ТЕАТР
1064

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры XXXI жаңа театр маусымын ашады. Қаллеки театры дәстүр бойынша М.Әуезовтың «Абай» қойылымымен шымылдығын түріп, театрсүйер көрерменімен қуана қауышады. 

«Абай» қойылымымынан көрініс (реж.: Ә.Оразбеков)

Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Сахнада Аға Абай бейнесін Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов, Абай бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл сомдайды. Премьерасына 12 жыл болған аталмыш қойылымның театр репертуарындағы орны ерекше. 

«Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Мал бағу? Ғылым бағу? Софылық қылып, дін бағу? Балаларды бағу?» 1890 жыл. Абай.

«Абай» қойылымымынан көрініс (реж.: Ә.Оразбеков)Ғасырлар бойы қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып пен мылқау күш, дүлей заманды айыптап өткен Абай ойы, Абай философиясы өркендеп, ғаламдық деңгейге жетуінің барысындағы оқиғалар сахнада ұлы М.Әуезов драматургиясымен өткен ғасырға жол тартқанымен, бүгінгі көрермен үшін де көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.

Биыл Ел Тәуелсіздігіне және Қаллеки театрына – 30 жыл! XXXI жаңа маусымда Қаллеки театрының 30 жылдық мерейтойына арналған шаралар ұсынылатын болады. 

«Абай» қойылымымынан көрініс (реж.: Ә.Оразбеков)Әсерлі қойылымдар... Әдемі сәттер... Ізденіс іздері... Қойылымдар тізбегі... Абай әлемі... Бұның бәрі Қаллеки театрының жаңа маусымында! Театрда кездескенше!

 

madeniportal.kz

author

Абай

АҚЫН

Без категории

  Жаратушы құдірет, Сенің бар екендігіне шүбә келтірмеймін. Барсың! Жүрек түкпірінде... сана...

Жаңалықтар

Кавказ өңірінің көшбасшысына айналған Әзербайжан тағы бір істе өзге елдерге үлгі болуда. Соғыс салда...