Нұр-Сұлтанда «Достық жолы» атты концерт өтті

Жаңалықтар
1438

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблі мен Белорусь Республикасының мемлекеттік академиялық би ансамблінің бірлескен және «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің қатысуымен «Достық жолы» атты концерті өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Концерттің мақсаты Тәуелсіздігінің 30 жылдығын жырлап, зайырлы, дербес Қазақ елінің қазіргі таңда татулықтың ақ туын биік көтеріп, басқа мемлекеттермен мәдени шығармашылық береке бірлігін көрсету. Би арқылы адамның көңіл-күйін, әлемнің сұлулығын, адамның жан-дүниесін, ішкі күйзелісін, сырын, қуанышын, шаттығын жеткізуге болады. Соның куәсі ретінде бүгін Белорусь Республикасының мемлекеттік академиялық би ансамблі өнер көрсетті. 

Кеш барысында осы би саласында өз қолтаңбасын қалдырған биші, педагог, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі – Ізім Тойған Оспанқызын 70 жас мерейтойымен құттықтап екі ел өкілдерінен ыстық ықыласпен құттықтау хат және гүл шоқтары табысталды. 

Сонымен қатар кештің бірінші бөлігінде «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, көркемдік жетекшісі Мәдениет саласының үздігі - Тоғжан Жахин және «Шалқыма» халық би ансамблі, көркемдік жетекшісі Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - Абрасул Есекеев, Халықаралық байқаулардың лауреаты Айсұлу Мұратқалиева, Республикалық байқаудың лауреаты-Әйгерім Кулшина, Ақбілек Нұрманова, Жәния Байділдаева және Райгүл Исмағұлова өнер көрсетті.

Концерттің екінші бөлімінде Беларусь мемлекеттік академиялық би ансамблі салтанатты «ҚАРАГОД» биімен ашты. Көркемдік жетекші - Беларусь Республикасының халық әртісі Валентин Дудкевич. Өз кезегінде Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты - Наталья Веденеева и Анатолий Таран, Юлия Головина, Максим Кашевич и Андрей Мохань, Ольга Головач и Максим Багатка, солистер - Анна Климкина мен Максим Кашевич. Аккордеонның соло - Андрей Андрачик, барабан соло - Александр Зубко көрермендерге ерекше би өнерін сыйлады.

Биде таңғажайып құдірет-кие бар. Сондай ең сұлу, ең нәзік, ең мөлдір би өнеріне сүбелі үлес қосқан, тіпті, саналы ғұмырын осы салаға арнаған жандар аз емес. Өнер ұлтқа, тілге, елге бөлінбейді. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...