Түлкібас ауданы, Абай ауылындағы жекеменшік тұрғын үй ауласынан ортағасырлық құлпытас пен әулиелерге...
Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды
2021 жылғы Нобель сыйлығы Ресейдің "Новая газетаның" бас редакторы Дмитрий Мұратов пен филиппиндік зерттеуші журналист Мария Рессаға сөз бостандығын, демократия мен мөлдір әлемнің негізін қорғауға күш салғаны үшін берілді.
"Адамдарды өлтіріп және қорқытып жатқанына қарамастан, "Новая газетаның" бас редакторы Дмитрий Мұратов газеттің тәуелсіз саясатынан бас тартқан жоқ. Ол әрқашан журналистердің құқығын қорғады",-деді Нобель комитетінің төрағасы Берит Рейсс-Андерсен.
Ол сонымен бірге бұл күндері журналистік қызметіне байланысты өлтірілген басылым қызметкері Анна Политковскаяның қайтыс болғанына 15 жыл толғанын еске салды.
Комитет басшысы Дмитрий Муратов өз елінде БАҚ-қа қысым күшейіп келе жатқан жағдайда жұмыс істеуге тура келгенін атап өтті.
"Игорь Домников, Юрий Щекочихин, Анна Политковская, Стас Маркелов, Анастасия Бабурова, Наташа Естемирова – дәл осы адамдар Нобель сыйлығын алды", - деді Мұратов BBC -ге берген сұхбатында.
"Мен қуаныштымын. Мұны мүлде күтпедім. Есімнен танып қалдым. Норвегияда жүргенде қоңырау шалды, бірақ бұл әдеттегі жайсыз хабар туралы қоңырау болады деп ойладым. Біз бұл сыйлықты қазіргі уақытта репрессияға ұшыраған орыс журналистикасына арнаймыз. Біз қазір агент ретінде айыпталып, елден шығарылған және қудаланған адамдарға көмектесуге тырысамыз", - деп Мұратов.
Дмитрий Мұратов – "Новая газетаның" негізін қалаушылардың бірі. Ол 1995 жылдан 2017 жылға дейін осы басылымның бас редакторы болды, содан кейін бұл қзметке 2019 жылдан бастап қайта оралды.
"Біз Дмитрий Мұратовты құттықтаймыз. Ол әрқашан өз идеалдарына сүйене отырып жұмыс істейді, ол өз мұраттарына берік. Ол дарынды, батыл", - деді Ресей президентінің өкілі Дмитрий Песков.
Мария Рессаға келетін болсақ, Rappler-дің негізін қалаушы және журналист ретінде Мария Ресса өзін сөз бостандығының батыл қорғаушысы ретінде көрсетті. Rappler есірткіге қарсы науқанның аясында Дутерте режимінің қанды саясатын сынға алды. Мария Ресса өзінің туған елі – Филиппинде билікті теріс пайдалану, зорлық -зомбылық пен өсіп келе жатқан авторитаризмді әшкерелеу үшін өзінің сөз бостандығына құқығына сүйенді.
"Демократиялық қоғам – соғыс пен қақтығыстың алдын алудың ең жақсы қорғаныс жүйесі. Бірақ сөз бостандығы жоқ қоғамда демократия болмайды. Дмитрий Мұратов пен Мария Ресса – батыл, танымал журналистер. Олар журналист болу дегенді және сөз бостандығын өте қиын, шектеулі жағдайларда да қолдануға болатынын көрсетті", - деді Рейс-Андерсен.
Бастапқыда ДДҰ сыйлықтың басты фавориті ретінде қарастырылды. Басқа ықтимал кандидаттардың қатарында ресейлік оппозиционер Алексей Навальный, беларус оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская, эколог Грета Тунберг және "Шекарасыз репортерлер" болды.
Бейбітшілік сыйлығына 329 үміткер ұсынылды – 234 адам және 95 ұйым.
Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығы – бұл Осло Нобель комитеті жыл сайын, бейбітшілікке айрықша үлес қосқан адамдар мен ұйымдарға беретін марапат. Ол 1901 жылдан бері беріліп келеді және шведтік емес, Норвегия Нобель комитеті беретін жалғыз сыйлық.
Еске салайық, 2020 жылы Нобель Бейбітшілік сыйлығы БҰҰ -ның Дүниежүзілік азық -түлік бағдарламасына берілді.Бұған дейін әдебиет, физика, химия және медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды.