Болашақ мамандығын кино индустриясымен байланыстыруды жоспарлап жүрген жас журналистер, сыншылар мен...
Пандемия кезеңіндегі кинофестивальдер мен жаңа өзгерістер
Пандемия 2020 және 2021 жылдардағы әлемдік фестивальдер мен киномерекелер кестесіне айтарлықтай әсер етті. Көптеген іс-шаралар тоқтатылып, кейінге қалдырылды. Түрлі мемлекеттерде локдаундар қайта жарияланып, бір жерде қатаң түрде болса, бір жерлерде жұмсара түсті. Десе де, карантиндік қауіпсіздікті сақтай отырып, алдағы уақытқа жоспарланған фестивальдер мен оның бағадарламалары жайлы қысқаша ақпарат беріп өтсек, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Сидней кинофестивалі (Sydney Film Festival), 3-21 қараша, 2021 ж.
2020 жылы пандемияға байланысты фестиваль өткізілмеді. Ұйымдастырушылар шағын онлайн іс-шарамен шектелді. 2021 жылы фестиваль дәстүрлі түрде маусым айында Канн фестивалінен кейін өтуі керек болатын. Алайда, Канн мен Берлин фестивальдердің өткізу уақыты бір айдан астам уақытқа созылғандықтан, Сиднейдегі фестиваль күздің соңғы айына ауыстырылды.
Амстердамдағы деректі фильмдер фестивалі (International Documentary Film Festival Amsterdam, IDFA), 17-28 қараша, 2021 ж.
Нидерланд билігі ішінара локдаун енгізген кезде байқаудың өту-өтпеуі белгісіз болған тұғын. Алайда, карантин талаптарын қатаң сақтаудың арқасында аталмыш шектеулер кинотеатрларды айналып өтті. Аталмыш фестиваль қазір өз жұмысын жалғастыруда.
«Сандэнс» (Sundance Film Festival), 20-30 қаңтар, 2022 ж.
2021 жылдың тамыз айының басында фестиваль директоры Табита Джексон өз үндеуінде Юта штатындағы жеке іс-шараларға қатысқысы келетіндердің бәрі толығымен вакцинациялануы керек деп мәлімдеді.
Берлин кинофестивалі (Berlin International Film Festival), 10-20 ақпан 2022 ж.
Берлин Халықаралық кинофестивалінің ұйымдастырушылары көрсетілім дәстүрлі форматта өтетін хабарлады. Онлайн режимде келесі индустриялық іс-шаралар өтеді: Еуропалық кинонарық / European Film Market (10-17 ақпан), Берлин копродукция нарығы / Berlinale Co-Production Market (12-16 ақпан), Berlinale Talents (12-17 ақпан) және World Cinema Fund. Қосымша шараға қатысушы мүшелер Берлинге бара алады, ал келе алмағандар онлайн платформа арқылы қатыса алады.
Трайбек кинофестивалі (Tribeca Film Festival), 8-19 маусым 2022 ж.
Дәстүр бойынша бұл Нью-Йорк фестивалі көктемнің ортасында өткізілетін шара. 2020 жылы ол онлайн форматқа ауыстырылып, 2021 жылы дәстүрлі форматқа ауысты. Алдағы байқау екі жыл қатарынан жаз мезгілінде өткізіліп келеді.
Сондай-ақ, дүниежізілік фестивальдермен қатар киножүлделер де карантиндік шектеулер кезеңінде өзгерістерге ұшырап жатқанын атап өтуіміз шарт.
АҚШ режиссерлер гильдиясы сыйлығы (Directors Guild of America Award), 12 наурыз, 2022 ж.
Алдағы сыйлыққа 2021 жылдың 31 наурызынан желтоқсанына дейін шыққан фильмдер үміткер бола алады. Барлық фильмдер басқа платформада шықпас бұрын кинотеатрларда кемінде 7 күн көрсетілуі керек, әйтпесе фильм гильдияның басты сыйлығы – DGA's Outstanding Directorial Achievement in Theatrical Feature Film Award номинациясына қабылданбайтыны мәлім болды. Бұл ереже 2019 жылдан бастап енгізілді.
Алтын глобус сыйлығы
2021 жылдың қазан айында Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы Алтын глобус лауреаттарын жариялайтыны белгілі болды. Киностудияларға Алтын глобус номинанттары сәйкес келуі тиіс критерийлерді сипаттайтын регламент жіберілді. Марапаттау рәсімі қай форматта өтетіні әзірге белгісіз. Кейбір сарапшылар қауымдастық баспасөз конференциясы аясында лауреаттарды жариялайды деген болжам жасап отыр.
Оскар( Оскар), 27 наурыз, 2022 ж.
Аталмыш киношара дәстүрлі түрде ақпан айының соңында өткізілетін. Белгілі себептермен шара көктем мезгіліне ауыстырылды. Толық метражды фильмдермен танысу және бағалау күндері 1 наурыз - 31 желтоқсан аралығын қамтиды. Фильмдер Академияның арнайы платформасында онлайн-шығарылымнан кейін 60 күн ішінде қол жетімді болуы керек.