Түркістанда Мемлекеттік хатшының қатысуымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы басталды

Жаңалықтар
631

Бүгін Түркістан қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайы басталды. Ауқымды шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Парламент депутаттары қатысуда, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында өтіп жатқан құрылтай, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған делегаттардың басын қосты. Жиналған қауым алдында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев баяндама жасап, келелі басқосудың маңыздылығына тоқталды.

Жиында сондай-ақ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланып, ұйымның жаңа Жарғысы қабылданады деп күтілуде. Орталық тексеру алқасының есебі тыңдалып, Орталық кеңесінің жаңа құрамы таныстырылмақ. Бұдан өзге Қоғамның жаңа бағдарламасы мен құрылтай қаулысы қабылданады деп күтілуде. Ұйым жұмысына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар да марапатталмақ.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...