«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бүгін елордада Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлына арн...
Эстеттерге арналған фильмдер
«Күлгін түсті шырақ сәулесінің астында, бәрінен жалыққан, шаршаған Ібіліс үстіне үлкен сұр свитер киіп, алақандарын нан мен қуырылған жаңғақтардың иісі аңқып тұрған жер пешке жылытып отырғаны» туралы ойлана алатын құрметті эстеттер! Күнделікті өмір көріністерінен алыстатып, бізді шынайы қиял әлемімізге жетелеп әкететін көркем фильмдерді көріп отырып, оларды адамдар түсіргеніне күмәнмен қараймыз. Бізді сұлулыққа, сұлулыққа және тағы да сұлулыққа ғашық ететін фильмдерді ұсынамыз!
Амели/ Амели Пуленнің таңғажайып тағдыры
Amélie / Le Fabuleux destin d’Amélie Poulain
Француз режиссері Жан-Пьер Жуне соншалықты жарқын, сұлу, дәмді және шырынды махаббат хикаясын жасады, онсыз қазіргі эстетиканы елестету мүмкін емес. «Амели» - шаршы метр кинолентасындағы барлық түстермен ырғақтың, музыканың, шабыттың тамаша үйлесімі. «Амели» - біз білетін әріптерден өзге таңбалармен жазылған «Сұлулық».
Көктем,жаз, күз, қыс...және тағы да көктем/ Bom yeoreum gaeul gyeoul geurigo bom
Уақыттың, тағдырдың, адам өмірінің және жұмбаққа толы әлемнің зор түсініксіздігінің терең медитациялық суреті іспетті. Оқиға өркениеттен алыс мекенде, ескі монахтың құжырасында өтеді. Оның шәкірті – қиын да сынаққа толы өмірді басынан өткерген кішкентай бала. Бірақ уақыттың өзін тоқтату мүмкін болмағаны сияқты, тағдырдың ауыр соққысын ұстаз да, шәкірт те тоқтата алмайды.
Тек ғашықтар(көңілдестер) ғана аман қалады/ Only Lovers Left Alive
Бұл фильмді көргенде оның не туралы екенін түсінуді ұмытып кетесің. Өйткені, бұл фильм естен тандырарлықтай сұлу. Өйткені, мұнда қанмен ас ішіп, бір-бірінің көзіне ғашықтықпен қарайтын ежелгі екі вампир-эстеттердің шытырман оқиғаларының егжей-тегжейлері емес, жәй ғана атмосфера маңызды. Өйткені, бұл фильм өзендей ағып бара жатады, оның кейіпкерлерінің де, көрермендерінің де «жүзу немесе жүзбеу» туралы таңдауы жоқ.
Махаббат көңіл-күйі /(Faa yeung nin wa)
Гонконгтағы коммуналдық пәтерлердің бірінде тұратын , бір-біріне бірте-бірте жақындай түсетін екі жалғыз адам туралы сұп-сұлу фильм. Олардың жұбайлары ешқашан үйде болмайды. Ал олардың айналасындағы әлем қарсы тұру мүмкін болмаған ерекше көңіл-күймен қаныққан. Жеңіл, ағынды музыка, түрлі түстердің магиясы, иероглифтің қарапайымдылығы мен мәнерлілігі, біртегіс қозғалыстардың үздіксіз қайталануы - мұның бәрі ешқашан қосылмайтын сезімнің тереңдеуіне әсер етеді ...
Анар түсі/Цвет граната
Бұл фильмді фильм емес, нағыз поэма деп атауға болады. Режиссер Сергей Параджановтың қиялынан туған фантастикалық образды кинокартина. Фильмде ешқандай сюжет жоқ. Бүкіл әрекет – армян ақыны Саят-Нованың шығармашылығынан туындаған бейнелер тізбегінен тұрады. Ақынның поэтикалық әлемін экранда бейнелеу үшін режиссер жаңа таңғажайып кино тілін жасады, соның арқасында фильм әлемдік кинематографияның алтын қорына енді.
Құмарлық/ Вожделение/ 情慾
«Оскар» сыйлығының лауреаты режиссер Энг Лидің Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қытайдың жапон басқыншылығына қарсылығы туралы фильмі. Фильм «Үздік операторлық жұмыс және костюм дизайны» үшін беделді әлемдік киносыйлықтарда бірнеше номинацияларды жеңіп алды. Оның себебі, таспа 1940 жылдардағы киім стилінің сирек үлгісін көрсете білген. Фильмді жәй ғана сүріп сезініңіз!
Мәңгілік/ Вечность/ Eternity
Біздің тізімдегі тағы бір өте ойлы да сұлу фильм: вьетнам-француздық режиссер Чан Ань Хангтың фильмі тізбектелген кадрлардың сұлулығымен таң қалдырады. Үлкен бір әулеттің бірнеше буын ұрпағының тағдыры ешқандай эмоциясыз баяндалады. Тек табиғаттың көркем көрінісінде ғана, жасыл шөптің үстінен күн сәулесінің қалай сырғып өткенінде ғана «Мәңгілік» туралы айтатын шынайы өмір көрініс тапқан.
2046
Режиссер Вонг Кар Вай өз фильмдерін визуалды бейнелеуімен танымал. Бұған басты «кінәлілердің» бірі – әйгілі еуропалық оператор, Канн кинофестивалінің техникалық Гран-при иегері Кристофер Дойл. Мойынсұнғыш түстер, неонды қала шамдары, Мао жағасы бар көйлектер мен жарқыраған сырғалары бар Вонг Кар Вай шебердің әлеміне саяхаттауға тағы бір билет алыңыз. Өкінбейсіз!