Мемлекет басшысы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Астана қаласының...
Ұлт намысын қорғап жүрген «Паралимпиадашылар» туралы фильм отандық прокатқа жол тартты.
Фильм паралимпиадашылардың және 2018 жылы Пхенчхан қаласында 1,5 км спринтте жеңіске жеткен Қазақстан тарихындағы бірінші қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Александр Колядиннің басынан кешкен нақты оқиғаларының негізінде түсірілген.
Шаңғышы спортшы бала кезінен Олимпиада алтынын жеңуді армандайды, алайда сұмдық апатта аяғынан айрылады. Ұзақ жылдар бойы ол Паралимпиада ойындарында өз күшін сынап көруді ұсынғанға дейін терең күйзелісте болады. Біздің айбынды паралимпиадашыларымызға арналады!
Фильмнің идеясы режиссер Алдияр Байракимовқа тиесілі. Қысқы Паралимпиаданың алғашқы чемпионы Александр Колядинді негізге алу туралы шешім ұзақ және әсерлі әңгімеден кейін келді. Түсірілім тобы екі жылдан астам уақыт паралимпиадалық құраманың жұмысымен танысып бас кейіпкердің ұжымдық бейнесін жасады.
Әділет Ибрагим, «Паралимпиадашы» фильмінің продюсері: «Фильмнің мақсаты – азаматтардың, халықтың осы спортқа деген қызығушылығын арттыру болды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға деген құрмет. Шындығында, бізде фильмде қолданылған дәйексөз бар, ол «Олимпиададан кейін спортшылар елге батыр болып оралады, ал паралимпиадашылар батыр болып аттанады. «Паралимпиадашы» фильмі үш жерде түсірілді: Алматы, Алматы облысы және Щучинск қаласында. Соңғы қалада әсіресе қиын болды, өйткені түсірілім кезеңі Қазақстанның солтүстік аймақтарында ауа температурасы -40 болып тұрған кезімен тұспа-тұс келді».