«Томирис» кинотуындысы көрермендерге 27 қыркүйектен бастап көрсетілетін болды. Мұны филь...
Кинода көзден таса болған 9 танымал сурет
2493
Кино мен кескіндеме арасындағы байланыс өте тығыз әрі ажырамас күйге айналды. Режиссерлер өз шығармаларында әлемдік кескіндеменің шедеврлерін жиі келтіреді. Ең жарқын мысалдардың бірі – Эдвард Хопердің «Теміржолдағы үй» фильміндегі картинасы. Бірақ кейде фильмнің негізгі сюжеті «Да Винчи коды» немесе «Томас Краунның алаяқтығы» сынды фильмдердегі картиналарды қолданудың өзіндік астары да болады. Осы орайда үздік фильмдер мен телешоуларда көрініс тапқан тоғыз картинаны жинадық. Мархабат!
«Достар» (1994-2004)
«Достар» сериалындағы Чендлер мен Джоуидің қонақ бөлмесінде орыс әріптері бар плакатты көбі байқамады. «Кенгуру - боксер» – цирк артисі және суретші Владимир Дуровтың жұмысы. Ол дәл осындай цирк нөмірін ойлап тапты. Онда бокс қолғабындағы жануар биді орындайды. Неліктен ресейлік суретшінің картинасы сериалда пайда болды деген сауал туындайды. Мұның бір себебі – 90-шы жылдары Америкада кеңестік өнер трендте болғаны болар деген болжам бар.
«Гарри Поттер және құпия бөлме» (2002)
Хогвартстың бір ерекше сиқырлығы мектепте ілулі тұрған тірі суреттер. Олар студенттердің мыңдаған құпияларын сақтап қана қоймай, сонымен қатар қонақ бөлмелердің қорғаушысы ретінде қызмет етеді. Тек ең мұқият көрермен өткен ғасырлардағы бірнеше нақты суреттерді байқады. Олардың бірін фильмнің екінші бөлімінде, кадрдың оң жағында Англия королі Генри VIII-нің екінші әйелі Анна Болейннің портретін көруге болады.
«Агент 007. Скайфолл Координаттары» (2012)
Джеймс Бонд фильмдерін де бұл үрдіс айналып өтпеді. Фильмнің 38-ші минутында Бонд Q-мен кездесу үшін Ұлттық өнер галереясына барады. Олардың әңгімесі британдық суретші Уильям Тернердің «Батыл» кемесінің соңғы рейсі» картинасының алдында болды.
«Машинадан» (2015)
Британдық фильм «Үздік визуалды эффектілер» номинациясында «Оскар» сыйлығының лауреаты атанды. Сондай-ақ, фильм көрермендерді ерекше сюжетімен де баурап алды. Миллиардер жас бағдарламашыны жұмысқа жалдайды. Оның міндеті – жасанды интеллектісі бар робот әйелді сынақтан өткізіп, өркениеттен ажыратылған үйде бір апта сынақ өткізу. Бұл фильмде екі әйгілі сурет пайда болды және олар кездейсоқ таңдалмады. «Маргарет Стонборо Витгенштейн портреті» және «5 саны» картиналары абстракті және нақтылық арасындағы шекараны көрсетеді және инстинкт пен ақыл арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.
«Джо Блэкпен танысыңыз» (1998)
Брэд Питт пен Энтони Хопкинстің басты рөлдеріндегі бұл фильмді біз тек қызықты сюжеті үшін ғана ұнатпаймыз. Фильм Парриш отбасының керемет үйінде орналасқан өнер туындыларына толы. Баспалдақта біз американдық абстракционист Марк Ротконың жұмысын «Blue, Orange, Red» көреміз. Бірнеше минуттан кейін біз Брэд Питттің кейіпкерін испан суретшісі Хоан Миродың «Менің брюнеткамды сүю бақыты» жұмысының аясында көруге болады. Сондай-ақ, фильмде ресейлік суретші Василий Кандинскийдің «Композиция IV» атты ең танымал туындыларының бірі пайда болды.
«Томас Краунның алаяқтығы» (1999)
Рене Магритттің суреті басты кейіпкерді соңғы оқиғаға шабыттандырады. Томас Краун мұражайға бару үшін «Адам ұлынан» өзіне және оның жұптарына арналған костюмді көшіріп алады. Сондай-ақ суретшінің бұл жұмысы кездейсоқ таңдалмады, көбісі бұл фильм идеясына сәйкес келеді деп санайды. Суретші Магриттің өзі адамның мінезіндегі айқын және құпияның өзара байланысы туралы көп ойлады. Ал басты кейіпкер іс жүзінде бүкіл фильм бойы өзінің тұлғасын маскамен жасырып жүреді.