«Үш» фильмі наурызда көрерменге жол тартады

КИНО
2411

The Rocket Stories командасы мен режиссер Алишер Утевтің 90-жылдарда адам өлімінің көбейуі мен оның салдарын суреттейтін «5:32» веб-сериалы 2022 жылдың 17 ақпанда өз мәресіне жетті. Көрерменнің көзайымына айналған аталмыш туынды Aitube және Youtube каналдарынан көрсетілген болатын. Мұнымен 90-шы жылдарда Қазақстанда болған маньяктар тақырыбы аяқталмасы анық. Режиссер Руслан Пактың «Үш» фильмінің прокатқа шығатын күні белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фильмнің түсірілім алаңынанҚазақстан, Оңтүстік Корея және Өзбекстанның қатысуымен түсірілген фильм Кеңес Одағының ең жанжалды оқиғаларының бірі – атақты маньяк Николай Жұмағалиевтің ұсталуы төңірегінде өрбиді. Сюжетке сәйкес, арнайы полиция бөлімшесінің стажері Садыков үлкен әпкесімен тұрады. Жас тергеуші қатарынан болған әйел адамдардың өлімін зерттеуге кіріседі. Күннен-күнге белгісіз маньяктың қолынан қаза болған құрбандар саны артып тергеушілердің жұмысы арта түседі. Садықов маньяктың келесі мақсаты оның әпкесі болатынын біледі.

Фильмнің режиссері Өзбекстанның тумасы Руслан Пак. Ол көрермендерге 2012 жылы Тайбэй (Тайвань) 14-кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алған «Ханаан» фильмімен таныс.

Руслан 1979 жылы бүкіл КСРО-да аты шулы болған адам өлтіруші және каннибал Николай Джумагалиевтің тарихына жүгінді. Бүгінгі күнде ол Алматы облысының Ақтас кентіндегі республикалық психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емделуде. 2017 жылы ол өзі туралы кез-келген жарияланымға қарсы екенін хат күйінде жазып, өзін тағы бір мәрте еске салды. Түсірілім тобы хаттың түпнұсқасын фильмнің титрында қолданбақ.

Фильмнің түсірілім алаңынанРежиссер бұл оқиғаны көптеген жылдар бойы біле отырып, ол қылмыскерді ұстау операциясын басқарған адаммен кездейсоқ танысқаннан кейін ғана жүгінді. Қазір ол зейнетке шықты. Русланға маньякпен кездесу ұсынылды, бірақ ол фильм ол туралы емес болғандықтан бас тартты. Ең бастысы режиссер қанша адамның дүние салуына себепкер болған каннибалдың күні бүгінге дейін өмір сүруінің астарын іздеуге тырысты.

Фильмдегі басты рөлдерді Асқар Ілиясов («Бизнесмендер»), Самал Еслямова («Айка»), Ержан Түсіпов («Тұлғалық өсу тренингі»), Нұржан Садыбеков («Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі»), сондай-ақ ресейлік актер Игорь Савочкин («Бык») сомдады. Фильмнің түсірілімі 2019 жылы Алматыда өтті.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...