Мәжіліс депутаттары 19 маусымда өткен жалпы отырыста газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұт...
Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мәдениет ұйымдарының ұжымымен кездесті
ҚР Мәдениет және спорт министрі Алматы қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Ұлттық кітапханасына, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрына, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестріне, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Мәдениет және спорт министрлігі сайтына сілтеме жасап.
Дәурен Абаев аталған ұйымдардың ұжымымен кездесуде шешімін күткен мәселелер туралы сөз қозғады.
"Осы күндері мәдениет ошақтарын танысу үшін аралап жүрген жоқпыз: әуелі біз ұйымдардың түйінді мәселелері мен қызметкерлердің сұраныстарын зерттейміз. Мәселелердің барлығы жүйелендіріп, кейіннен оларды кезең-кезеңмен шешу жөніндегі кешенді жоспардың негізіне алынады. Біз барлық маңызды шараларды Мемлекет басшысымен келісіп, содан кейін оларды іске асыруға кірісеміз. Бұл тұрғыда сіздер түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытып, қолдайтындарыңызға күмәнім жоқ. Осының арқасында көрермендеріміз бен оқырмандарымызды, оның ішінде әсіресе жастарды, театрлардың көрермендер залына және кітапханалардың оқу бөлмелеріне қайтаратынымызға сенім артамын", - деп атап өтті министр.