«Шарль де Голль» әуежайын 20 жыл мекендеген босқын

Жаңалықтар
2713

Мехран Карими Нассери – ирандық босқын. Жиырма жылға жуық Францияның «Париж-Шарль де Голль» әуежайында еріксіз өмір сүрген панасыз.

Мехран 1988 жылы Франция арқылы әуе рейсімен Англияға жол тартады. Өкінішке қарай, ол француз әуежайында құжатын ұрлатып алып, не ұшаққа міне алмай, не әуежайдан шыға алмай қалады. Сөйтіп, Нассери «бейтарап аймақта» 20 жылға жуық қалып қойған...

2006 жылы оны француз билігі денсаулығына байланысты бірнеше жылға қарттар үйіне өткізіп, ерекше күтімге алған.

Франция әуежайының еріксіз тұтқынына айналған Нассеридің өмірі мен тіршілігі әйгілі кинорежиссёр Стивен Спилбергті тәнті етіп, ол «Терминал» деген фильм түсіруге мәжбүр болды.

Басты рөлді Том Хэнкс сомдайтын «Терминал» фильмінде Шығыс Еуропа азаматы Виктор Наворски тағдырдың жазуымен Нью-Йорк әуежайында қамауда қалады. Картинаның кей тұстары ирандық Нассери өмірінен алынған...

2022 жылдың қыркүйек айында «Париж-Шарль де Голль» әуежайына қайта оралған ирандық босқын Мехран Карими бірнеше апта бойы әуеге көтерілген алып ұшақтарды көзбен шығарып салумен соңғы күндерін өткізіп.., ақтық сапарға өзі де ұшып кетті.

Танымал актёр Том Хенкс сомдаған басты кейіпкердей, марқұм Нассери де француз әуежайы қызметкерлері мен қонақтарының сүйікті досына айналған екен...

...

Мехран Карими рухына бізден бір Фатиха!..

Қанат Ескендірдің «Кигіз кітап» парақшасынан

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...