Президенттің 1 күндік жеке мобилографы болуға мүмкіндік бар

Фото: видеодан скрин

Жаңалықтар
254

Қазақстандықтар президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады. Ол үшін арнайы байқаудан өту қажет. Бұл туралы белгілі мобилограф Қыран Талапбек хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қыран Талапбектің сөзінше, ең жас және креативті мобилограф президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады. Бұл жаңа кәсіп еліміздің тарихын жасайтын - тарихи кезең. 

"Құрметті,ханымдар мен мырзалар, барлық шәкірттеріміз бен мобилографтар, контентмейкерлер! ВИДЕОЛАРЫҢЫЗДЫ ТИКТОК және Инстаграмға #nomadgamesfestсалыңыз.

Көшпенділер ойындарына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерге, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жариялаңыз. Бұл - сіздің өзіңіздің қабілеттеріңізді көрсетіп, керемет сыйлықтар ұтып алатын мүмкіндігіңіз!", - дейді Қыран. 

Жеңімпазға қандай сыйлықтар беріледі? 

Гран-при:

  • Президенттің жеке мобилографы болу,
  • iPhone 15 Pro Max,
  • MOBILOGRAPHY BOX (жарық, микрофон),
  • + 1 000 000 теңге

Екінші орын - 1 000 000 теңге.

Үшінші орын- iPhone 15 Pro Max.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...