Газ тарифі жаңаша есептеле ме?

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
551
Мәжіліс депутаттары 19 маусымда өткен жалпы отырыста газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері жөніндегі заң жобасын қарастырды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин газ саласы мәселелері бойынша түзетулер туралы айтып берді.

"Газ саласы бойынша ұлттық оператор тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын жобалауға арналған тапсырмаларды және олардың жобалау-сметалық құжаттамасымен келісетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылыс жобаларына техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, газды үнемді пайдалануды ынталандыру, ішкі нарықта сату кезінде газды есепке алудың ашықтығы мен автоматтандырылуын қамтамасыз етеді. Жеке газ тарату ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу және тариф қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізеді", - деді Еділ Жаңбыршин.

Айта кетейік, 2024 жылғы 12 маусымда Ақордада Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасын көтеру жоспары туралы айтты.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...