Элвис Пресли туралы фильмнің алғашқы ресми трейлері жарық көрді

КИНО
1857

Warner кинокомпаниясы XX ғасырдың үздік музыка орындаушысы және «рок-н-рол» патшасы атанған Элвис Пресли туралы фильмнің алғашқы толық трейлерін ұсынды. Фильмнің режиссері Баз Лурман («Ұлы Гэтсби»), ал басты рөлді Остин Батлер ойнады. Сондай-ақ, музыканттың танымал менеджері болған Том Паркердің рөлінде Том Хэнксті көре аламыз, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фильм Элвистің музыкалық Олимпке көтерілуі кезеңінде менеджер Том Паркермен болған күрделі қарым-қатынасы туралы баяндайды. Трейлерді шығарар алдында Батлер мен режиссер Баз Лурман виртуалды баспасөз кезінде фильм өмірбаяндық мюзиклдан тұратындығын және театралдандырған көріністер болатынын жасырмады. Warner Bros компаниясының туындысын режиссер Баз Лурман Американың тарихынан сыр шертуге арналған анқытама іспеттес деген ойға келді.

Фильмнің әлемдік прокаты 2022 жылдың 14 шілдесіне жоспарланған.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...