Уолт Дисней мен Диснейлендтің тарихы экранизацияланады

КИНО
607

Уолт Дисней мен Диснейлендтің құрылысы жайында фильм түсірілмек. Аталмыш фильмнің сценарийлік жұмыстары осы күнге дейін «Геракл», «Сұлу мен құбыжық», «Джунгли кітабы» сынды танымал фильмдердің авторы Эван Спилиопотулосқа табысталды. 

Еске салсақ, Уолт Дисней басшылық еткен компанияның жалғыз ойын-сауық саябағы 1955 жылы 17 шілдеде ашылды. Құрылыс кезінде оны Генри Форд мұражайы, Даниядағы Тиволи бақтары мен Нидерландыдағы Эфтелинг паркі шабыттандырды. Диснейдің жобаға деген құштарлығы соншалық, мультипликациялық студияның жұмыстары екінші кезеңге қала берді.

Фильм Disney + платформасында жарық көреді.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...